Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет66/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

10-есеп. А, В және С гендері тіркесудің бір тобына жатады. Егер А және В арақашықтығы 8,5 морганидаға, ал В және С гендерінің арақашықтығы 2,5 морганидаға тең болса, А және С гендерінің арақашықтығы қандай? А және С гендері 6 морганидаға тең болған жағдайдағы хромосомадағы А, В, С гендерінің орнын анықтап, график сызып көрсетіңдер.
11-есеп. Дрозофила шыбынының денесінің сары түсін анықтайтын рецессивті у гені Х-хромосоманың 0,0 локусында орналасқан. Көзінің түсін анықтайтын рецессивті (w) гені, денесінің өзгерген түрін анықтайтын доминантты А гені, сол тіркесу тобына жатады. у және w гендері бойынша дигибридті аналық шыбынды, екі гені бойынша рецессивті аталығымен шағылыстырғанда 1,6% кроссоверлі шыбындар алынған. у және а гендері бойынша аналықты рецессивті аталықпен шағылыстырғанда 4,5% кроссоверлі шыбын алынған. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Х хромосомада үш геннің локусын көрсетіп, гендердің арақашықтығын анықтап, генетикалық картасын құрастырыңдар.
12-есеп. Гендер арасындағы тіркесу және кроссинговер құбылысын зерттеу барысында қандай фактілер тұқымқұлаушылықтың хромосомалық теориясының дұрыс екенін дәлелдейді?
13-есеп. Үш гетерозиготалы аналық организмге талдаушы шағылыстыру жүргізгенде фенотипі бойынша белгілердің ажырауы: А-В-С-126, А-bbС-120, ааВ – С-128, ааbbС-136, А – В-сс-114, А-bbсс-122, ааВ – сс – 122, ааbbсс- 126 болған. Гендердің орны (локализация) туралы не айтуға болады?
14-есеп. Үш гетерозиготалы организмге талдаушы шағылыстыру жүргізгенде генде белгілердің фенотип бойынша ажырауы мынадай екені анықталды:
АВСаbc - 150 Аbсаbc - 37
аbсаbс – 143 аВСаbc - 42
АВсаbс – 70 АbСаbс – 8
аbСаbс - 65 аВсаbс - 6
Хромосомадағы гендердің орналасу тәртібін және олардың арақашықтығын анықтаңдар.
15-есеп. E, D, L, M, N гендері генетикалық картада 17,2; 18,9; 30,1; 35; 39,8 сантиморганға тең. D және M гендерінің арасында кроссинговердің жиілігі қандай болуы мүмкін?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет