16-есеп. Егер F2 ұрпақта кроссоверлі емес даралардың (ааbb) үлесі 12,25% болса, кроссинговердің жиілігі қандай болады?
17-есеп. Аллельді гендердің тіркесуі мен белгілердің жыныспен тіркесіп тұқым қуалауының айырмашылығы неде?
18-есеп. Қызан өсімдігінің бойының биіктігін анықтайтын (S) гені, аласа генінен (s) басым, тұқым эпидермисінің тегіс болуын бақылайтын (R) гені бұдыр генінен (r) басым. Екі қызан өсімдігін будандастырғанда ұрпағының 208-і биік, тегіс; 9-ы биік, бұдыр; 6-уы аласа, тегіс; 195-і аласа, бұдыр болған. Ата-анасының генотипі қандай болады?
19-есеп. Үш гетерозиготалы (AaBbCc) организмді осы гендері бойынша рецессивті (aabbcc) аталықпен будандастыру жүргізгенде, F1 ұрпақта алынған деректерге қарағанда үш гетерозигота:
29 АВС 21аbс
235 АВс 215аbС
210 Аbс 239Авс
27 АbС 23аВc
гаметалардың типін түзеді.
А. Қандай белгілер тіркесіп, қандай белгілер еркін үйлесіп ажырайды?
Ә. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.
Б. Кроссинговердің пайызын көрсетіңдер.
20-есеп. Қалыпты гетерозиготалы (сұр, қалыпты қанатты) шыбынды аталық (қара, қысқа қанатты) шыбынмен шағылыстырғанда қандай ұрпақ күтуге болады? b және Vg гендерінің арасында кроссинговердің жиілігі – 16,7%.
21-есеп. Үш гетерозиготалы (AaBbCc) организмге талдаушы шағылыстыру алынған ұрпақтарға генетикалық талдау жасаңдар.
ABC 1270 Abc 55
ABc 70 aBc 42
AbC 42 abC 60
Abc 58 abc 1275 2872
22-есеп. Үш гетерозиготалы (AaBbCc) организмге талдаушы шағылыстыру жүргізгенде алынған ұрпақтарға генетикалық талдау жасаңдар.
ABC 64 abC 30
ABc 28 abc 72 AbC 3 197
23-есеп. А,В және С гендері бір хромосомада осы ретпен орналасқан. А және В гендерінің арақашықтығы – кроссинговердің жиілігі 30% -ға тең, ал В – С гендерінде 20%-ға тең. Гомозиоталы (ABC) дарамен гомозиготалы (abc) дараны шағылыстырғанда, F1 ұрпақтың буданын гомозиготалы (abc) формасымен шағылыстырғанда қандай ұрпақ алынады?
24-есеп. Адамда көз ауруын (катаракта) және көпсаусақтылықты (полидактилия) доминантты екі геннің аллелі анықтайды. Олар бір хромосомада 50 морганида арақашықтықта орналасады. Әйел катаракта генін әкесінен, ал полидактилия генін анасынан алады. Оның күйеуі осы белгілер бойынша қалыпты. Олардың баласында осы белгілердің көріну ықтималдығы қандай?
а) бала екі аурумен бірдей ауырады;
ә) бала аурудың біреуімен ғана ауырады;
б) бала ауырмайды.
25-есеп. L, M және N гендер бір тіркесу тобына жатады. Тәжірибеде анықталғаны бойынша L және M гендерінің арақашықтығы 5 морганидаға тең, ал M және N гендерінің арақашықтығы 3 морганида болады. L және N гендерінң арақашықтығын анықтауға бола ма? Қосымша тәжірибелер арқылы L және N гендерінің арақашықтығы 2 морганидаға тең екені анықталған. Хромосомадағы L , M және N гендерінің орналасуының графигін сызыңдар.
26-есеп. Адамда резус факторды және эритроциттердің пішінін анықтайтын гендер бір аутосомада 3 морганид арақашықтықта орналасқан. Резусы оң (доминантты белгі) және эритроциті эллипс тәрізді (доминантты белгі) белгілер бойынша дигетерозиготалы еркек, бір доминантты генді әкесінен, екіншісін шешесіне алған. Оның әйелінің резусы теріс және эритроциттердің пішіні қалыпты. Олардың баласының әкесінің белгілерін алуының ықтималдығы қандай?
27-есеп. Ғ1-ұрпақтағы дигетерозиготалы организмдермен анализдеуші шағылыстыру жүргізгенде фенотип бойынша белгілердің ажырауы мынадай болған:
а) АВ : ав : Ав : аВ = 25% : 24,5% : 25,3% : 25,0% ;
ә) АВ : ав : Ав :. аВ = 46,5% : 47,5% : 3,5% : 2,5%;
б) АВ : ав = 50,5% : 49,5 %.
Гендер тәуелсіз тұқым қуалайтынын немесе гендер тіркесіп берілетінін анықтау керек.
M гендерінің арасында кроссинговердің жиілігі қандай болуы мүмкін?