Генетикалық символика
Шағылыстыру сызбасын, организмдердің фенотиптері мен генотиптерін жазу үшін арнаулы генетикалық бейнелер қолданылады. Шағылыстыруды көбейту (х) белгісімен белгілейді. Ата-ана организмдерін латын әрпімен Р (латынша parenta – ата-ана) белгілейді. Шағылыстыру сызбасын жазғанда бірінші орынға аналық организмін, ал екінші орынға аталықты қояды. Аналық жыныс ♀, ал аталық жынысын ♂, белгілерімен белгілейді. Ұрпақты латынның Ғ әрпәмен (латынша Filus-ұрпақ), ал тиісті ұрпақтар саны цифр индекстерімен – Ғ1, Ғ2, Ғ3, т.б. белгілерімен беріледі. Ған – анализдеуші шағылыстыру ұрпағы, Ғқ – қайыра шағылыстыру ұрпағы. Доминатты (басым) гендер бас әріптермен (А), рецессивті (тұншыққан) гендер-кіші әріптермен (а), аллельді гендер аттас әріптермен (Аа) белгіленеді. Фенотипті жазу үшін фенотиптік радикал А-,В-, ааВ, А-вв, т.б. қолданылады.
1-Үлгі. РР ♀ х ♂
Ғ1 – бірінші ұрпақ, Ғ2 – екінші ұрпақ, Ғ3 – үшінші ұрпақ, т.б.
Тапсырмаларды орындау:
Изоляторды дайындау. Жел арқылы тозаңданатын көпшілік өсімдіктерге пергамент изолятор қолданылады. Оларды қабырғасы ұзын, төрт бұрышты қағазды бүктеу арқылы жасайды.
33-сурет
Шағылыстыру техникасы. Шағылыстыру жұмысы 3 бөлімнен тұрады.
а) гүл шоғын шағылыстыруға дайындау; ә) аталығынан айыру; б) тозаңдандыру. Бұл үш кезеңді жүргізу өсімдіктердің өзіне тән гүлдеу биологиясына, гүлдену мерзімдеріне сәйкес жүргізіледі. Шағылыстыруға өсімдіктер ішінен жақсы дамыған гүлі жетілген масақтарды таңдап алады. Осымен қатар кейбір дақылдарда (бидай) жетілмеген гүл шоғырын, мұртшасын, т.б. кесіп тастайды. Гүл шоғырындағы аталықты өсіп жетілмеген кезде, аналықтың аузуын жарақаттамай алу керек. Ескертетін жай, ашық, ыстық күндерде бұл операцияны ертемен немесе кешкі уақытта орындаған жөн, себебі күн сәулесі оның тозаң клеткасына әсер етуі мүмкін. Аталығы алынған өсімдікке изолятор кигізеді де, сол изоляторға дақылдың түрі (сорты), аталығын алған күні, гүлдің саны, студенттің аты, әкесінің аты жазылады. Мысалға бидайдың масағы.
Достарыңызбен бөлісу: |