34-cурет Қолдан тозаңдандыру: Аталығы алынған өсімдіктердің аналығын пісіп-жетілген уақытта шағылыстыруға дайындалған басқа өсімдіктің аталық тозаңымен тозаңдандырады. Бұл жұмысты егілген өсімдіктердің аталығы түгелдей гүлдеген кезде жүргізілген ұтымды. Қазіргі кезде, тозаңдану үдерісін өте оңай жолмен жүргізеді. Ол үшін аталығы пісіп-жетілген өсімдіктің масағын алып, гүл жапырақшаларының үстінен қайшымен кесіп, пісіп-жетілмеген аталығы бар гүлдерінен айырып, күнге 1-2 сағат қойып, аталық кесілген гүл шоғырынан шыға бастаған кезде, изолятордың жоғарғы жағын ашып, аталық масақты салып, масақты қозғау арқылы тозаңдарын келесі күнге дейін қалдырады. 5-7 күннен кейін шағылыстырудың нәтижесін тексеру керек.
35-сурет
Шағылыстыру үдерісін күнделік дәптеріне енгізу керек.
Шағылыстыру журналы.
Шағылыстыру
♀ ♂
Өсімдіктердің
№
Күні
Аталығы
Алынған
гүлдің
саны
Байланған дән
саны %
Аталығы
алынған
Тозаң-данған
Қарлы-Қазақ
ғаш Х стан-3
Прог-Қазақ-
ресс стан-3
1,2,3,4
5,6,7,8
06. 95. 5. 06 .2010
3. 06. 95. 7. 06. 2010
20
40
16
32
80
44,5
Бақылау сұрақтар.
1.Студенттер үшін генетика пәнінен дала практикасының маңызы не үшін қажет және нені үйренеді?
2.Өсімдіктерді қолдан қалай тозаңдырады?
3.Генетикалық символика деген не? Оны не үшін пайдаланады?
4.Аталығынан айырылған өсімдікке неге изолятор кигізеді?