Оқулық Сараптамашыға ескерту!


: 7; 9 :3 :4; 9 : 3 : 3 : 1 немесе 9 : 6 : 1 болады Белгілердің 9:7 қатынасында ажырауы



бет45/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123
Байланысты:
Кітап генетика

9 : 7; 9 :3 :4; 9 : 3 : 3 : 1 немесе 9 : 6 : 1 болады
Белгілердің 9:7 қатынасында ажырауы. Бұл құбылысты алғаш рет У.Бэтсон мен Пеннет 1906 жылы хош иісті бұршақ өсімдігінің гүлінің түсі бойынша тұқым қуалауын зерттегенде ашты. Гүлінің түсі ақ екі гетерозиготалы бұршақ өсімдігін бір-бірімен будандастырғанда, бірінші ұрпақтағы будан өсімдіктердің барлығының гүлінің түсі қызылға айналады. Ал қызыл гүлді будан өсімдіктерін өздігінен тозаңдандырғанда, екінші ұрпақта (Ғ2) 9/16 өсімдік гүлінің түсі қызыл және 7/16 өсімдік гүлінің түсі ақ болған. Сонда белгілердің ажырауы 9 : 7 қатынасында жүрген.
Белгілердің ажырау ерекшелігі қызыл белгі екі комплементарлы доминантты гендердің (А-В) әсерінен түзіледі.
Тапсырмаларды орындау
1. Арпаның Черниговский 5 сортының масағын қарап, масағының мұртшасы бар екенін анықтау.
2. Арпаның Винер сортының масағында мұртшасы жоқ екенін анықтау.
3. Ғ1 ұрпақ өсімдіктерін масағының құрылысын мұқият зерттеп, онда мұртшаның және қабыршағының орнына үш саусақты қосымша өсінділер пайда болғанын анықтайды.
4. Ғ2 ұрпақта алынған өсімдіктердің масағын мұқият қарап, оның ішінен үш саусақты масағы бар өсімдікті мұртшалы және мұртшасыз өсімдіктерді есептеп, 9-кестеге енгізіледі.
9-кесте
Арпа өсімдігіндегі гендердің комплементарлы әрекеттесуі



Ата-аналық сорттар және будандар

өсімдік саны

ажырау

Барлығы

Үш саусақты өсімдіктер

мұртшалы

мұртшасыз

Теориялық күтілу

Тәжірибе-
ден алынған

♀Черниговский 5

40

0

0

40

-

-

♂ Винер



40

0

40

0

-

-

Ғ1 Черниговский 5 х Винер

20

20

0

0

-

-

Ғ2 Черниговский 5 х Винер

160

86

32

42

9:3:4

8,6:3,2:4,2

Ғ2 ұрпақта ажыраған өсімдіктердің мұртшалары және құрылысы бойынша есептеу және теориялық күтілуді есептеп шығару.


Сонымен екінші ұрпақта ажыраған белгілерге қарап отырып, арпаның мұртшалығын анықтайтын гендердің әрекеттесуі комплементарлы типте болатыны анықталды.
Бұдан басқа зертханалық сабақтарда комплементарлық құрылысын дрозофила көзі түсінің тұқым қуалауын мысал ретінде алуға болады.
5. Дрозофила шыбынының белгілерінің Ғ1 ұрпақта тұқым қуалау ерекшеліктерін анықтау.
Комплементарлық құбылысын дрозофила көзі түсінің тұқым қуалауының мысалында қарастыруға болады. Жабайы дрозофилаға тән көзінің қызыл түсімен қатар көздері қоңыр және ашық қызыл түсті формалары да кездеседі. Осы түстерге генетикалық талдау жасау үшін үш түрлі: 1) қызыл көзді дрозофиланы ашық қызыл көздімен; 2) қызыл көзді шыбынды қоңыр көздімен; 3) ашық қызыл көзділерді қоңыр көзділермен будандастыру жүргізу керек.


Бірінші будандастыру
♀ көзінің түсі қызыл Х ♂ көзінің түсі ашық қызыл
АА аа
Аа
Ғ1 қызыл көзді
Ғ2 3 қызыл көзді : І ашық қызыл көзді
А- аа
Бұл будандастырудан дрозофила көзінің қызыл және ашық қызыл түстерінің моногенді тұқым қуалайтындығын және қызыл пигмент аллелі (А-) доминантты, ал ашық қызыл түс аллелі (а) рецессивті екендігі анықталады.


Екінші будандастыру
♀ қызыл көзді Х ♂ қоңыр көзді
ВВ вв
Ғ1 қызыл көзді
Вв
Ғ2 3 қызыл көзді : І қоңыр көзді
В- вв-

Екінші будандастыру дрозофила көзінің қызыл және қоңыр түстері бір геннің әртүрлі аллельдерімен анықталатындығын және қызыл пигмент (В) қоңыр түске (в) қарағанда доминантты екендігін көрсетті.




Үшінші будандастыру
♀ қоңыр көзді Х ♂ көзінің түсі ашық қызыл
Ғ1 қызыл көзді
Ғ2 9 қызыл көзді : 3 қоңыр көзді : 3 ашық қызыл көзді :1 ақ көзді
Алғашқы екі будандастырудан көздері қоңыр шыбындардың генотипі вв, ашық қызыл көзділердікі аа екендігі байқалады.
Үшінші будандастыру нәтижесінде Ғ1-де алынған қызыл көзді дрозофила шыбынының генотипінде екі геннің де доминантты аллельдері А және В бар екендігі анықталады. Бұл жоғарыдағы екі тәжірибедегі қызыл көзді шыбындардың генотиптерінде осы гендер әртүрлі комбинацияда болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сонда көздері қызыл шыбындардың генотипі ААВВ, көздері қоңыр шыбындардікі ААвв, ол доминантты А аллельінің болуына байланысты, ал генотипі ааВВ болып келген дрозофила көзінің түсі ашық қызыл болады, себебі онда доминантты В аллелі бар.
Көздері қызыл (ААВВ) шыбындарды ашық қызыл (ааВВ) және қоңыр көзді (ААвв) шыбындармен будандастыру Ғ2 ұрпақта белгілердің 3:1 ажырауын беретін моногибридті будандастыруға жататындығы жоғарыдағы тәжірибелерден белгілі болды. Соңғы будандастырудан алынған Ғ1 ұрпақтың генотипі дигетерозиготалы. Олар өздігінен тозаңданғанда дигибридті будандастырудағы сияқты фенотипі төрт түрлі ұрпақ береді (15-суретте көрсетілген). Ғ2 ұрпақтағы ақ көзді шыбындардың генотипі – аавв.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет