Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет124/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   303
Педагогикалық технология
– бұл жеке тұлғаның, сондай-ақ бүкіл 
ұжымның даму динамикасын көруге, оның нәтижесін кезең-кезеңмен өлшеуге 
болатын және жеке тұлғаның өздігінен дамуына толық мүмкіндік жасайтын 
теориялық білімнің тұтас, педагогикалық процестің практикасында жүзеге 
асырудағы реттелген іс-әрекеттің жиынтығы. 
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтар, білім мен практика жетістіктері негізінде жеке 
адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған біліммен қаруландыру болып 
табылады. 
Құндылық – ол қарым-қатынас, қоғамдық деңгейдегі құбылыс, ол қоғам 
мәдениеті мен жеке тұлғаның рухани байлығы, қоғамның қарым-қатынасы. 
Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының арасында өзара 
байланыстар бар. Құндылық бағдары мен жеке тұлға көзқарасының мәнін 
ашатын ортақ категория – қарым-қатынас. Ол тұлғаның рухани дамуын талдай 
отырып, құндылық бағдарының саналы қатынастар жүйесін қамтиды.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап «тұлғалық бағдарлы педагогика», 
«тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғаға бағдарланған технология» терминдері 
пайда болды. 
«Тұлғалық-бағдарлы»
сөз тіркесі білім беру процесінде қолдануына 
байланысты педагогикалық сөздікке ағылшынның 
«person-centered»
(«тұлға 
орталықты») және 
«pupil-centered»
(«оқушы орталықты») сөздерінің 
аудармасынан енгізілген. Олар К.Роджерстің гуманистік педагогикасы және 
гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі болып табылады. 
Осы ұғымдардың түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл 
пікірлердің көптігі төмендегідей түсіндіріледі: кез келген оқытудың түрі 
тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әрқайсысын тұлғаға бағдарланған 
оқыту деп тануға болады.
Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы 
барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзі жүзеге асыра алатын 
тұлға деп түсіндіру арқылы қалыптастырады деп есептейді. 
Тұлғаға жаңаша көзқарас 56-суретте ашылды. 
Тәрбиелеудің тұлғаға бағдарланған технологияларын жақтаушылар 
Ш.А.Амонашвили, 
М.Н.Берулава, 
Е.В.Бондаревская, 
Ю.И.Турчанинова, 
И.С.Якиманская және т.б.
Е.В.Бондаревская тұлғаға бағытталған тәрбие беру парадигмасына 
төмендегілерді ұсынады: 

тәрбиелеуде оның ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын дара 
ерекшеліктерін есепке алу; 


142 

оған ізгіліктік-тұлғалық қарым-қатынас: оны қолдау, оны дамыту,
өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі түзету, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі 
тәрбиелеу, оның өзінің жеке тұлғасының қалыптасуына, адамдармен, 
табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен қарым-қатынас жасауына қолайлы 
жағдайлар туғызу; 

адамды 
қалыптастыратын 
функцияларын 
анықтау 
(ізгіліктік, 
мәдениеттілік, әлеуметтік); 

адамның өмірге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру (аксиологиялық, 
когнитивтік, шығармашылық, іс-әрекеттілік, тұлғалық компоненттер); 

түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан 
дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға бағытталған педагогикалық 
технологиялар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет