Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет277/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   303
Мұғалімнің 
оқушылардың 
белсенді 
танымдық 
іс-әрекетін 
ұйымдастырудың шарттары мен құралдары.
Нәтижеге бағытталған білім парадигмасының оқу бағдарламалары оқу 
процесін талдау мүмкіндігін кеңейтеді. 
Мұғалімнің оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың 
шарттары: 
1) өзара тығыз байланысты материалдарды блоктарға (қадамдарға) бөлу; 
2) алгоритмдерді оқып үйренуге оқушылар белсенділігін арттыру; 
3) оқыту процесінде ақпараттық-компьютерлік технология құралдарын 
қолдану: 
электронды 
оқулықтар, 
мультимедиалы 
және 
ақпараттық-
компьютерлік құралдар және т. б.; 
4) оқудың қарқыны мен мазмұнын дараландыру, яғни ұтымды оқу 
қарқынын дараландыруды қамтамасыз ету; 
5) әрбір оқушының мүмкіндігіне орай оқытудың қиындық дәрежесін 
реттеу; 
6) дәстүрлі оқу пәндерін оқытуда ақпараттық технология құралдарын 
белсенді түрде оқу процесіне енгізу;
7) үздіксіз білім беру мазмұнын оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта 
құру; заманауи ақпараттық технология құралдарын қолдануға сәйкес келетін 
оқытудың әдістемесін жетілдіру. 
Г.И.Щукинаның 
зерделеуі 
бойынша, 
балалардың 
танымдық 
қажеттіліктерін қалыптастыратын ықпалды жолдар танымдық қажеттілікті 
ынталандырудың негізгі көзі, оқу материалдарының мазмұны, балаға әкелетін 
алдағы ақпараттардың белгісіздігі, таңқаларлық сезімдерді оятатын, айқын 
құбылыстарға жаңаша қарауға мүмкіндік беретін, білімді жаңа өлшемдерді 
ашатын материалдар тұрғысында негізделеді.


295 
Танымдық қызығушылықтың негізі ойлау процесі болып табылады. 
К.Д.Ушинский еңбектерінде танымдық қызығушылық баланың білімге, бір 
нәрсеге білуге құштарлығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар 
айналадағы бізге белгісіз, жұмбақ, сырларға жауап іздеуге итермелейді.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда төмендегідей 
дидактикалық шарттар орындалуы тиіс: 

оқытудың алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы 
қалыптасатын теориялық білімнің болуы; 
- жаңа технология мен модельдеуді қолдану арқылы жүргізілетін оқу және 
оқудан тыс өзіндік жұмыстардың арнайы жүйесін жасауға оқушылардың 
белсенді араласуы; 
- заманауи техника мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың оқу 
және оқудан тыс жұмыстарының жасалғаны үнемі қадағалануы, білім 
сапасының анықталуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет