Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


  Тұтас педагогикалық процесс теориясы туралы білім – мұғалімнің



Pdf көрінісі
бет116/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   303
 


129 
Тұтас педагогикалық процесс теориясы туралы білім – мұғалімнің 
кәсіби құзыреттілігінің негізі. 
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жана 
жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық процестегі 
өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына 
жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа 
базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік 
кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда.
Көрсетілген белгілер негізінде тұжырым жасауға болады: педагогикалық 
процесс оқушылардың ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге 
асатын бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір 
оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзін еңбекте және 
қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын.
Біртұтас педагогикалық процестің қасиеттері: 

педагогикалық процестің әлеуеті оның өмір сүруі, қызмет істеуі 
оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады; 

ынтымақтастық: оқушы (тек қана ұстаздармен ғана емес, бір-бірімен 
де) үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни 
педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы 
болады; 

«ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс 
ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат 
пен нәтижелердің бірігуімен анықталады; 

іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылар) қайта құру 
белсенділігімен
 
анықталады. «Педагогикалық процесс» объектісінің сапасы 
оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік 
ерекшеліктерінен айырылады; 

белсенділік пен қатынастың бірлігі: процеске қатысушылардың барлық 
субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен, дербес іс -әрекеттері; 

әртүрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы; 

субъекттілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі 
қарым-қатынастарының жиынтығы. 
Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттерін қызмет ету 
жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін 
біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған 
іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, 
онда «мұғалім-ұстаз» жүйесінің тұрақтылығы мен өзін -өзі дамыту мәселесі 
шешіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет