Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет169/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   303
 
 
Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері. Тәрбиенің инновациялық 
интербелсенді әдістері және тәрбие технологиясы. Тәрбие әдістерін 
қолданудың педагогикалык шарттары. 
Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері – адамның өзінің жеке басының 
қасиеттерін шыңдау, жақсарту бағытында жүргізілетін мақсатты қызметі: 
өзіндегі ұнамсыз, жағымсыз мінез-құлықты, қасиетті жеңуге, ұнамды 


188 
қасиеттерді қалыптастыруға, жетілдіруге бағытталған жүйелі де саналы іс-
әрекет. 
Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерінің мотивтері: 
-
адамгершілік-имандылық қасиеттер, әдеп, моральдық талаптар; 
-
ата-ананың, ұстаздарының, достары мен жақындарының, туыстарының 
үлгісі; 
-
сын, өзін-өзі сынау. 
Бақылау және өзін-өзі бақылауды ұйымдастырудың шарты: 
-
бақылау және өзін-өзі бақылаудың мақсатын анықтау; 
-
жарыссөз, өзін-өзі реттеу, өз көңіл-күйін, сезімін жүйеге келтіру; 
-
жағымды сезімдерге сүйену; 
-
жағымсыз қылықтан, жағдайдан, қателесуден қорытынды шығару, 
жіберілген қатеге талдау жасап, сабақ алу; 
-
өзінің әрбір іс-әрекетіне, психологиялық жай-күйіне бақылау жасау; 
-
өзгеге кешірімділікпен қарап, қайырымдылық жасау; 
-
өзіне талап қоя білушілік. 
Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері: өзін-өзі тәрбиелеу; өзін-өзі тану, 
зерттеу; өз ісіне өзінің талдау жасап, есеп беруі; міндеттеме-жүтемелер алуы; 
өзін-өзі сендіру; өз қызметін өзі ұйымдастыру; өз сенімі; өзін-өзі жаттықтыру; 
өзін-өзі сынау, жазалау; өзін-өзі қошеметтеу, құрметтеу, мадақтау. 
Оқушының бақылау және өзін-өзі бақылаудағы мұғалімнің педагогикалық 
басшылығы: 

оқушыларды зерттеу, диагностика жүргізу, мониторингтік сараптама 
жасау; 

оқушыларға бақылау және өзін-өзі бақылауға кеңес беру, тапсырмалар 
мен міндеттер белгілеу, нұсқау беру; 

бақылау және өзін-өзі бақылауды ұйымдастыруға шығармашылық 
қатынас жасау; 

жеке басының өнегесі, үлгісі, ықпалы. 
Оқушының бақылау және өзін-өзі бақылаудағы жетекші әдістер: сендіру 
әдісі, сын, өзара сын, өзін-өзі сынау әдістері, педагогикалық талап әдістері. 
Өзін-өзі бағалаудың түрлері (Н.Кузьмина бойынша): 
1)
Өзін-өзі бірқалыпты төмен бағалау. 
2)
Өзін-өзі бірқалыпты жоғары бағалау. 
3)
Орнықсыз қасиеттерін өзі төмен бағалауы және салыстырмауы. 
4)
Орнықсыз сапаларын жоғары бағалауы және салыстырмауы. 
Сендіру әдісі – оқушыны оқу-тәрбие процесі мен қоғамдық пайдалы іс-
әрекетке қалтыстыру негізінде не қажетсіз қылықтарын тежеу мақсатында 
тәрбиеленушінің сапасына педагогикалық ықпал ету әдісі:
-
оқушының рухани ой-санасының, сезімінің, мінез-құлқының, ерік 
күш-жігерінің өсіп жетілуіне сөзбен ықпал ету; 
-
оқушының сынай қарайтын көзқарасы мен ойлауына, ой елегінен 
өөткізіп шешкен ой-пікіріне сүйену; 
-
сөзбен сендіре отырып, әлеуметтік құнды іс-әрекетке бағыттау. 


189 
Егер адам жас кезінде талдау және өзін-өзі талдау сияқты дағдыларды 
игермесе, онда оның кейін игеріле қоюы қиынырақ. Содан барып ол дүниені 
және өзін-өзі тануға тым нашар бағдарланады. Онда дүниенің бейнесі де, өзінің 
тұлғалы және өзінің дүниемен өзара қарым-қатынасы жөніндегі түсінігі де 
қалыптаспайды (Н.Мудрик). 
Жасөспірім тұлғаны тұтас, оның қасиеттерінің бүкіл жиынтығын да 
бағалай алады. Ал төменгі сынып оқушысы болса өз тұлғасын жеке әрекеттері, 
қылықтары немесе әрі кеткенде бұл бағаны тұлғаға тұтас ауыстыра отырып 
жеке белгілері мен қасиеттері бойынша бағалайды (В.Крутецкий). 
«Мен» бейнесі элементтерінің когнитивтік күрделілігі мен жіктелуі кіші 
жастан ересек жасқа қарай біріншіден, елеулі үзіліссіз және дағдарыссыз 
артады. Ересектер жасөспірімдерге, ал жасөспірімдер жеткіншектерге қарағанда 
өзіндегі қасиеттерді көбірек ажыратады (И.Кон).
 
Тәрбие технологиясы – жекелеген процестердегі педагогикалық 
міндеттерді шешуге бағытталған әдістер жүйесі: ұжымдық іс-әрекетті 
ұйымдастыру тәсілі, тәрбиеленушілермен қарым-қатынас орнату тәсілі, 
педагогикалық диагностика тәсілі және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет