Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Орта жалпы білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



Pdf көрінісі
бет215/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   303
Орта жалпы білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
 

білімнің құрылымына, мазмұнына және оқушылардың дайындық деңгейлеріне 
қойылатын нормалар мен талаптар кешенін тағайындайтын құжат. Ол Қазақстан 
Республикасының зандарымен сәйкестікте бекітіледі. 
Орта жалпы білімнің мектептік компоненті 
– 
мазмұны жұмыстық оқу 
бағдарламаларында анықталатын және оқушылардың қабілеттілігі мен 
қызығушылығын ескеретін оқу жүктемесінің міндетті көлемі. 
Оқу пәнінің стандарты 
– орта жалпы білім сатылары бойынша білім, 
профильді білім және қосымша білім беру бағдарламаларының мақсатын,
міндетін, құрылымы мен мазмұнын және нақты оқу пәнін меңгертудің
мерзімдерін анықтайтын құжат. 
Оқу бағдарламаларында
білім мазмұны сипатталады, пәндер
бойынша әр жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына 
бөлінетін сағаттар саны белгіленеді.
Типтік оқу бағдарламасы 
– меңгерілуге тиіс нақты білім мазмұны мен 
көлемін, біліктілік пен дағдыларды анықтайтын құжат. Ол білім берудің 
мемлекеттік компонентінің мазмұнын ашады. 
 
Типтік оқу бағдарламасын Қазақстан Республикасының білім 
саласындағы орталық атқарушы органы бекітеді. 
Жұмыстық оқу бағдарламасы
– әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті 
мазмұн және білім, білік, дағдыларын анықтайтын құжат. Ол білім берудің 
мектептік компонентін ашып көрсетеді. 


235 
Жұмыстық оқу бағдарламасы жалпы білім беретін
 
мектептің
Педагогикалық кеңесінде бекітіледі. 
Оқулықтар
оқу бағдардамаларының негізінде жасалады. Оқулық – 
оқушыларға білім берудің негізгі көзі. 
Әрбір оқулыққа қойылатын талаптар: 
-
оқу бағдарламасына сәйкес болу; 
-
оқу материалдарының жоғары идеялық және ғылыми деңгейінде
түсінікті болып баяндалуы; 
-
пәнаралық байланыс және оны жетілдіру; 
-
оқу материалдарының оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкестігі; 
-
оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу; 
-
көрнекіліктермен жақсы жабдықталу; 
-
тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған 
сұрақтармен жаттығулардың болуы; 
-
оқытуда халықаралық тәжірибені ескеру. 
Базистік жоспары оқу сағаттарының минимал көлемдері мен білім
аймақтарына біріктірілген міндетті оқу пәндерінің тізімі түрінде орта жалпы 
білімнің мемлекеттік және мектептік компоненттерін тағайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет