Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі. Тақырып және сабақ бойынша



Pdf көрінісі
бет241/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   303
Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі. Тақырып және сабақ бойынша 
жоспарлау. 
ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов:
«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана 
шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» – деген. Ең бастысы, 
оқушының шығармашылық қабілетін дамыту негізгі ұстаным болып табылады. 
Педагог міндеті оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып 
көрсету. Мектепте және кез келген оқу орнында қазіргі уақыт талабына сай 
сапалы білім беру.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы: 
1)
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу 
материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып 
табылады. 
2)
Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға 
қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін 
талдау керек. 
3)
Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті 
тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, шығармашылық тапсырмаларға 
алмастыру қажет. 
4)
Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымы, білімге 
құштарлығы, қисынды ойлауларының қалыптасуына көп көңіл бөлуі қажет.
Мұғалімнің сабаққа дайындалу педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты 
сипаттап көрсетті:
- Бағдарламаның сабаққа қатысты бөлімін ұғыну.
- Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып білу.
- Сабақтың мақсатын анықтау.
- Оқыту әдістерін таңдау. 
- Сабақ құрылымын жобалау (105-сурет). 
Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: 
сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа 


259 
сәйкес нақтыландыру, әрбір сабақтың жоспарын терең ойластыру мен 
құрастыру.
Сурет-105. Мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңдері 
 
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы 
немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі 
оқыту-тәрбиелік процесі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске 
асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет.
Бір сабақты жоспарлау – мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, 
яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес 
нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін 
сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру.
Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, 
мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде 
құрастырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу жоспарының элементі ретінде 1 жылда өтілетін 
оқу материалдарының бөлімдерін анықтайды. Оқу материалдарының бөлімдері
– бұлар бір оқу тақырыбына кіріктірілген сабақтар топтамасы (106-сурет). 
Әрбір ұзақ мерзімді жоспар үшін орта мерзімді жоспар түзіледі. Орта 
мерзімді жоспарда әрбір бөлімде нақтыланған оқу мақсаттары, оқу-әрекеттері,
оқу ресурстары көрсетіледі және әдістелік нұсқаулар беріледі. Орта мерзімді 
жоспар негізінде қысқамерзімді жоспар (сабақ жоспары) түзіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет