42
Қарым-қатынас – екі немесе одан да
көп адамдардың арасындағы
танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар
алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының
қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізінде мұғалім тұлғасының
жалпы және педагогикалық мәдениеті жатыр.
Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан алуан түрлері
кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде
мұғалімдер мен
оқушылар арасындағы қарым-қатынастар төмендегідей негізгі төрт түрге
бөлініп қарастырылады (16-сурет).
Сурет-16. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері
Вербальды қарым-қатынас
– бір адамнан екінші адамға не болмаса бір
топ адамдар
арасындағы сөз арқылы
ақпараттармен алмасу процесі. Сөз
адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш
және вербальды қарым-
қатынастың негізгі құралы.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының
жұмысымен байланысты.
Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы
ғылыми ақпараттарды бала
санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар,
қызықты фактілер,
орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып,
олардың назарын такырыпқа шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге
бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Достарыңызбен бөлісу: