Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Жеткіншектер мен жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің



Pdf көрінісі
бет101/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

 
Жеткіншектер мен жасөспірімдердің дамуы мен тәрбиесінің 
ерекшеліктері. 
Жеткіншектік шақта балалардың денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп, 
дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді. Бұл жастағы балаларды кейде 
өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де 
кездейсоқтық емес. Жеткіншек шақ – ең қиын, ең тынышсыз, ұшқалақ шақ, 
балалардың қоғамдық белсенділігі дамиды, саяси ой-өрісі кеңиді, өздерінің 
жауапкершіліктерін түсініп, терең білім алуға талаптанады. Үлкендермен 


109 
қарым-қатынас, мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау 
орын алып жатады. 
Жасөспірімділік шақта жастардың ағзасы – қаңқасы мен бұлшық еттері, 
ішкі ағзалары тегіс дамиды. Бұлшық еттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің 
нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғам алдында тұрған 
әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене 
қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, 
өздерінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың 
мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне 
жауапкершілігін арттырады. 
48-суретте жеке тұлға дамуының көпқырлылығының мәні ашылды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет-48. Жеке тұлға дамуының көпқырлылығы
 
Белсенділік адамның іс-әрекеті барысында қоғаммен жеке адамдардың бір-
бірімен қарым-қатынас жасауы барысында, өзін-өзі тәрбиелеуде, сонымен қатар 
әлеуметтік қоғамдық еңбек процесінде айқын көрінеді. Бала белсенділігінің ең 
алғашқы формасының бірі – қарым-қатыныс жасау белсенділігі.
Бұл белсенділік – баланың білім алу, еңбек ету, әртүрлі қоғамдық жұмысқа 
қатысу барысында және өзін-өзі тәрбиелеуде бүкіл өмір сүруі барысында 
дамитын белсенділік. Жеткіншек жаста бала тәрбиенің обьектісі болып қана 
қоймай, ол тәрбиенің субьектісіне де айналуы керек. Бала тәрбиенің субьектісі 
болатын себебі: ол, бір жағынан, өзін қоршаған ортаны - обьектіні танушы, 
білуші, екіншіден, өзінің белсенді іс- әрекеті арқылы сол өзі танып, ортаға өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет