Сурет-71. Саламатты өмір салтын құрайтын компоненттер Саламатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс
деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай керек болса, белгілі деңгейдегі
қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты шарттарының бірі
ретінде есептейді. Табиғаттың өзі жеке тұлғаның қолына физиологиялық
теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл-қозғалыс, дене
жаттығулары.
Әр тәрбиеленуші жеке тұлға ретінде дамып, өркендеп өсуі үшін, әрбір ата-
ана өз баласының денсаулығын қадағалап, күн тәртібін саралап, уақтылы
тамақтанып, дұрыс демалуын ұйымдастыруы қажет.
Қоғамның болашағы әр адамның денсаулығына байланысты. Ендеше,
тәрбиешілердің басты міндеті – әрбір тәрбиеленушінің өмір салтын
саламаттылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу, бағыттау, бағдарлау болып
табылады.
12-жылдық білім беру жағдайындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының ерекшеліктері. 12 жылдық оқытудағы басты мақсат –
қарқынды дамып келе жатқан
ортада өмір сүруге қабілетті; өзін-өзі дамытуға; өз ойын еркін айта білуге; өз
қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім; жоғары білімді,
шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру.
Адамның өзінің ішкі ресурстарын талдау және оларды өзі таңдаған
мамандықтың талаптарымен салыстыру нәтижесінде мамандық таңдалады.
Мамандықты таңдау – адам өміріндегі маңызды шешім, адамның қоғамда өзін
бекітуінің негізі. Мамандықты таңдау – бір сәттік акт емес, ол ұзақтығы сыртқы
Саламатты өмір салтын құрайтын компоненттер Дұрыс тамақтану Жүйелі дене жаттығулары Жеке бастың гигиенасы Ағзаны шынықтыру Ұнамды эмоциялар