Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Тақырыптық экскурсияларға



Pdf көрінісі
бет219/303
Дата10.12.2023
өлшемі8,71 Mb.
#136434
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   303
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Тақырыптық экскурсияларға
барғанда оқу пәндерінің бір немесе 
бірнеше байланысты тақырыптар оқылады. 
Кешенді экскурсиялар
екі немесе 
одан да көп оқу пәндерінің бір-бірімен мәселен, дүниетанудан "Ағын сулар мен 
желдер", өсімдіктер, жануарлар және "сыртқы орта" деген тақырыптарды оқу 
үшін экскурсияға баруға болады, байланысты тақырыптарын оқу үшін 
ұйымдастырылады. 
Оқылатын бөлімдегі орнына қарай кіріспе, негізгі, қорытынды 
экскурсиялар өткізіледі. 
Кіріспе экскурсия
оқушыларды және оқу курстарымен, 
бөлімдерімен таныстырады. 
Негізгі экскурсиялар
арқылы оқушылар 
тақырыпты терең түсінеді, теориялық материалдың тәжірибесі керектігін 
ұғынады. 
Қорытынды экскурсиялар
бөлімді қорытындылау және жүйелеу 
үшін, оның нақты процестермен және құбылыстармен байланысын анықтау 
үшін өткізіледі.
Мұғалім алдын ала экскурсия болатын жерді көріп, оның білімге ықпалын 
анықтап, экскурсияның мақсатын және міндеттерін, түрін және құрылымын 
анықтайды, оқушылар үшін проблемалық сұрақтар, тапсырмалар әзірлейді, 
экскурсияның әдіс-тәсілдерін белгілеп, жоспар құрастырады. Жүретін 
жерлердің бағдарын жасап, қосымша көрнекіліктер және керекті жабдықтарды 
(өлшейтін құралдар, блокнот, қарындаш, гербарийлерге арналған папкаларды, 
фотоаппаратты, компасты) әзірлейді, оқушыламен әңгімелеседі, қауіпсіздік 
ережелерімен таныстырады, экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама беріп, 
қалай, қайда қарау керек екенін, нені бақылау, жазып алу, суретке түсіру 


239 
керектігін айтып, қалай жүру керектігін түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін 
айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты 
оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді. 
Кіріспе әңгімеде мұғалім әкскурсияның мақсатын айтады, содан кейін 
оқушылар объектілерді қарап, тапсырманы орындауға кіріседі; сурет салады, 
жазады, объектінің ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен қорытынды жасайды. 
Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін демонстрациямен ұштастырады. 
Оқушылардың бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның соңында 
мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді, қорытынды әңгіме болады. 
Керек жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды. Экскурсия 
материалдарын кіріктіріп сабақ өткізуге болады. 
Мектепте өтетін экскурсиялар оқытудың тиімді формасы болғандықтан, 
оларды жиі өткізу керек, себебі ол өмірді тану дағдыларын қалыптастырады. 
Ол үшін экскурсияларға тапсырмалар әзірлеп, нәтижелерін тексеріп отыру 
керек. 
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге 
үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді. 
Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын 
түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның 
еңбегінің 
сұлулығын 
сезінуге 
үйретеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   303




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет