Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Жеке тұлға - іс-әрекет объектісі және субъектісі. Қазіргі әлеуметтік-



Pdf көрінісі
бет34/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   304
Жеке тұлға - іс-әрекет объектісі және субъектісі. Қазіргі әлеуметтік-
мәдени жағдайлар және олардың жеке тұлғаға әсері. Тұлғалық- бағдарлық 
білім беру тұжырымдамасы. 
Педагогикалық процестің субъектісі – жеке тұлға. Бұлардың құрамы сан 
қилы. Педагогикалық процесс субъектілерінің өзара байланысты іс-
әрекеттерінің соңғы нәтижесі – тәрбиеленушілердің адамзат жинақтаған 
тәжірибені игеруі. 
Тұлғалық- бағдарлық білім беру тұжырымдамасының мәні: 
- оқыту процесі жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру бағытында өтеді; 
- оқыту процесі ішкі мотивацияға негізделеді, сыртқы мотивацияны 
ұйымдастыру мен тиімді үйлесуі, тұлғаның ішкі сұранысын қанағаттандырады; 
- тұлғаны дамыту біртұтастыққа жүреді, баланың интеллектуалды
физикалық, эстетикалық дамуын бірлікте қарастырады; 
- оқыту оқушының өз бетімен іс-әрекетіне негізделеді, себебі әрбір 
оқушының қабылдау, меңгеру, есте сақтау қабілеттері мен мүмкіндіктері 
әртүрлі; 
- оқыту ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға арқа сүйейді, 
оқушының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері толық ескеріледі (11-
сурет). 


37 
Сурет-11
.
 Тұлғалық- бағдарлық білім беру шарттары
 
Мұғалім тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар.
А.Байтұрсынов 1914 жылы «Қазақ» газетінде «Мектеп керегі» 
мақаласында: «... 
ең әуелі 
мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан 
хабардар, оқыта білетін мұғалім. 
Екінші
– оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз 
іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істелген іс те сондай болмақшы. 
Үшінші 
– мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей 
болып шығу үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі балаларға керек. Үлгісіз я 
өлшеусіз істелген іс – ол я артық, я кем шықпақшы» – деп мектепке қажетті 
құралдарды атап өтті.
М.Левитан бойынша мұғалімнің тұлғалық сапалары: 
-
өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білім; 
-
өз білімін оқушыларға жете жеткізе білуі;
-
талап қойғыштық пен педагогикалық әдеп
-
мамандығына деген сүйіспеншілік, шыдамдылық пен әділеттілік;
-
өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс, ұстамдылық, еңбексүйгіштік; 
-
артистік қабілеттілік, адал ниеттілік, сезімталдылық; 
-
оқушылардың болашағына сенуі. 
Ғалым Э.А.Урунбасарованың зерттеуіне сүйене отырып, 12-суретте 
мұғалімнің тұлғалық сапалары ашылды. 
1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет