Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Жоғары деңгейде(қала әкімдігі) қалалық жолаушыларды тасымалдауды,
сондай-ақ әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың диспетчерлік
және ақпараттық жүйелерінің арасындағы деректерді тиімді алмасу
мүмкіндігімен бірыңғай ақпараттық базасында қалалық басқару
жүйесінің ең маңызды салаларына қызмет көрсететін көліктік
процестерді орталықтандырылған басқаруды ұйымдастыру міндеттері
шешіледі. Одан басқа, міндеттердің белгілі шеңберін орындаған кезде,
қалалық қызметтердің көлік және басқа да бөлімшелерінің әрекеттерін
үйлестіру қамтамасыз етіледі. Басқару объектілерін реттеу негізінде ЖҚ
үздіксіз мониторингінің және оны пайдалану нәтижелерін кейін талдау
қағидасы жатыр. КК даму бағыттарын әзірлеу және қала шетіндегі
жүктерді тасымалдауды орындайтын АКК және жеке тасымалдаушыларға
арналған ұсыныстарды шығаруды жетілдіру жүргізіледі.