Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
2 29 немесе бейнемәжіліс сессиясымен факстердің қатар болуы әбден
мүмкін. Сондықтан заманауи желі сапаның түрлі сыныптарымен, бір
және сол компьютердің қосымшаларының сапасының түрлі
параметрлерімен қызмет көрсетуге рұқсат беруі тиіс.
Жаһандық желіде дауыс пен деректерді қиыстыру немесе
трафиктің түрлі сыныптары үшін қызмет көрсетудің кепілді сапасын
қамтамасыз ету міндетін барынша кеңінен қою проблемасы әлі де өткір
күйінде тұр. Бұл байланыстың жаһандық арналары жергіліктіден
барынша қымбаттығымен түсіндіріледі. Сондықтан компьютерлік
трафикті және әдетте телефон желілері арқылы берілетін трафикті беру
үшін сол бір көлік инфрақұрылымын пайдалануға ынта күштірек.
Сонымен қатар трафиктің төмен қарқынды кезеңінде (олардың
сөзсіз орны болады) арна өз өткізу қабілетінің аз үлесін ғана
пайдаланатын болады. Ал арнаны коммутациялаумен желілерде төлем
үнемі күнбе-күн негізінде жүзеге асырылады, компьютерлік
абоненттер үнемі арнаның пайдалы өткізу қабілетіне ғана емес, оның
жұмысының пайдаланылмаған бөлігі үшін де төлейді.
Жаһандық желілерде әдетте трафиктің барлық ықтимал түрлері
үшін қызмет көрсету сапасын қолдау міндеті қойылмайды. Көбінесе
жаһандық желі егер ол ең дегенде трафиктің екі түріне әр тарапты
қызмет көрсете алса, әр түр үшін қызмет көрсетудің сапасын
қарапайым түрде қолдаса, өте жақсы деп саналады.
Желі клиенттері мен серверлер арасында арналардың өткізу
қабілетіне қойылатын талаптар жоғары болатын жағдайлар жиі
туындайды. Бұл әртүрлі себептерге байланысты болады, атап айтқанда,
клиенттік
компьютерлердің
өнімділігінің
артуы,
желіде
пайдаланушылар санының артуы, файлда өте көп көлемде сақталған
мультимедиялық ақпаратпен жұмыс істейтін қосымшалардың пайда
болуы, нақты уақыт ауқымында жұмыс істейтін сервистер санының
артуы.
Әсіресе интернетте корпоративтік деректерді жариялайтын
серверлерге жүктеме күрт артты. Мұндай трафик сервер мен клиент
арасындағы жолының басым бөлігін Интернеттің жаһандық арналары
арқылы өтеді, жолының соңғы бөлігі осындай жоғары жүктемені
көтере алуы тиіс кәсіпорынның ЖЕЖ сегменттеріне келеді.
АКК (фирмада) ЖҚ жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау
қызметтерінің өндірістік міндеттерін шешу үшін Интернеттің
мүмкіндіктерін пайдалану мысалы ретінде AutoRoute (http://www.
autoroute. com) фирмасы ұсынған тасымал маршрутын электрондық
жоспарлауды келтіруге болады.
AutoRoute компаниясы Америка және Еуропа карталары бойынша
автомобильде
жүктер
немесе
жолаушыларды
тасымалдау
маршрутының интерактивті төсемі үшін электрондық атлас ұсынады.
Маршруттың бірнеше нұсқалары әзірленуде. Қысқа, жылдам,