9.3.
26
3
өзара әрекет ететін ДК құруға мүмкіндік береді.
Мысалы, олар бір уақытта көптеген тосыннан интерактивтік
процестерді ұстап тұра алады. Сөзді және басқа тілден синхрондық
аударманы тану қалыпты іске айналады. Барлық ДК бейнекамерамен
жарақталады. Ал биометрия, мысалы саусақ іздері мен адамның түрін
тану құралы пайдаланушыларды анықтап танудың стандартты тәсіліне
айналады. Көп режимді интерфейстер компьютерге қалам және
дауыстың көмегімен бір уақытта түрлі тәсілдермен жүгінуге мүмкіндік
береді. Бұдан басқа, интерфейстер үш өлшемді болады.
Осының арқасында дисплейдің нақты мүмкіндіктерін тиімді
пайдалануға болады. Компьютерлер пайдаланушыға барынша мұқият
болады, сонымен бірге бір уақытта сондай жауап талап етеді. Бұған қол
жеткізу үшін IBM және басқа да компаниялар көздің белгілі бір
бұрыштарында тор қабығы жанатын (фотода адамдардың өзі қызыл
болып түсіп қалатын кездер болады) қасиетке негізделген
пайдаланушының көз қозғалысын бақылап, тіркеу технологиясымен
жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта мұндай технология физикалық кемістігі бар
адамдарға көмекке келуде. Алайда бұл барынша кеңінен
пайдаланылуы мүмкін. IBM фирмасы, мысалы, нақ пайдаланушы
парақшада қосымша ақпаратпен танысуға ұсыныспен сол немесе өзге
баннерді қарап, іске қосатын браузерді көрсетті.
Егер ақпаратты көрсету құралдары жайлы одан әрі айтар болса,
онда голографиялық видео туралы еске салып кеткен жөн. Holovideo
жобасының аясында MIT Media Lab зертханасының Spatial Imaging
Group бөлімшесі видео стандартына жақын жылдамдықпен
компьютерлік голограмма жасауға қабілетті нақты уақыттың
графикалық жүйесін құрумен жұмыс жүргізуде. Қазір екі тәжірибелі
дисплей үлгісі әзірленді.
Nokia Internet Communications бөлімшесінің маркетинг бойынша
вице-президенті П. Лундмарктің айтуынша, пайдаланушы интерфейсі
құрылғыларының үш негізгі сыныбы дамиды, олардың бір ортақ
ерекшелігі – оларды пайдаланушының жеке артықшылығына сәйкес
қиындықсыз баптауға болады:
■
ұялы телефон сияқты, микробраузермен толықтырылған бір
қолмен басқарылатын аспаптар;
■
Palm ҚДК ұқсас қаламмен енгізетін құрылғы, бұл PDA
немесе қол сағаты сияқты құрылғы;
■
тізеге немесе үстелге орналастыратын құрылғы: блок-
ноттық және үстелдік ДК, PC Communicator —PDA
мүмкіндіктерімен зияткерлік телефон.
Құрылғыны біріздендіру пайдаланушыға PDA және ұялы телефон
|