41
әрекетін бақылауға, оның ортамен өзара іс-қимыл жасауын
талдауға, тиісті қорытынды жасауға және осы негізде ғылыми
негізделген болжаулар жасауға мүмкіндік береді.
Жоспарлау шешетін келесі міндет, — жүйені жаңа күйге
ауыстыру процестерін
бағдарламалау.
Жүйеде болып жатқан процестер берілген бағдарлама
аясында болған кезде ғана ол ұзақ жұмыс істейді. Алайда жүйеде
үздіксіз әртүрлі бағытта жұмыс істейтін әртүрлі процестер жүріп
жататындықтан, ал алғашында элементтер арасында орнатылған
байланыстар өзгеріссіз қалмайтындықтан тек жекелеген
процестер ғана емес бүкіл жүйе кейбір жағдайларда берілген
параметрлерді орындамауы мүмкін. Ондай жағдай болмас үшін
бақылау және реттеу функциялары іске қосылады. Жүйеде
жұмыс істейтін осы функциялар арқылы процестер бағдарлама
жүйесі үшін белгіленген шектен шықпайды.
Достарыңызбен бөлісу: