Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
8 6 жүйесін қолдана отырып, нақты құрылғының ресурстарын жалпы
пайдалануға ұсынатын желілік ОЖ қабаты жұмыс істейді.
ОЖ үстінде әртүрлі бағдарламалық қосымшалар жұмыс істейді.
Әдетте ДҚБЖ корпоративтік ақпаратпен жұмысты қамтамасыз етудегі
ерекше роліне байланысты корпоративтік желінің жеке қабатына бөледі.
Келесі деңгейде жүйелі сервистер жұмыс істейді, ДҚБЖ
функционалының көмегімен түпкілікті қолданушыларға қолайлы нысанда
ДБ мен ДҚ ақпарат береді, сондай-ақ ақпаратты өңдеудің кейбір жалпы
рәсімдерін орындайды. Осы сервистерге World Wide Web (WWW)
қызметі, электронды пошта жүйесі, ұжымдық жұмыс жүйесі және
басқалары да жатады.
Корпоративтік желінің көлік жүйесі бірқатар қосымша жүйелер мен
элементтерден тұрады: корпорацияның жергілікті және ғаламдық
желілері, олар өз кезегінде өндірістік кәсіпорыннның перифериялық
қосымша желілерінен және осы қосымша желілерді байланыстыратын
магистральдардан тұрады (3.5-сур.).
Жекелеген жергілікті желілерді біріктіретін ғаламдық желі, әдетте
жергілікті желінің ғаламдыққа қолжеткізу арналары бар жоғары
жылдамдықтағы
магистральдармен
және
барынша
төмеңгі
жылдамдықтағы магистральдармен иерархиялық құрылымнан тұрады.
Қазіргі уақытта барынша жиі деректерді беру арналарының өткізу
қабілетіне көтеріңкі талаптар туындайды. 1990 жылдардың басында
Ethernet/Internet арналарының жеткіліксіз өткізу қабілеті байқалатын
болды. Әліпбилі-цифрлық деректермен қатар желілер бойынша
графикалық, дыбыстық және бейне деректер беріле бастады. Тіпті
мультимедиялық
ақпаратпен
жұмыс
істейтін,
бірнеше
дербес
компьютерлердің өзі 10 Мбит/с өткізу қабілетімен желінің сегментін
асыра жүктей алады. Ethernet негізіндегі хаттама өткізу қабілеті 30...40
Мбит/с қарағанда ұтымды болып табылмайды. 100 Мбит/с биттік
жылдамдықта жұмыс істейтін, FDDI бірінші жоғары жылдамдықтағы
жергілікті желі хаттамасы әзірленді және қолданыла бастады.
FDDI сегменттерінің құны жеткілікті жоғары болып табылады,
сондықтан да FDDI хаттамасы негізінен ірі жергілікті желі
магистральдарын салу және кәсіпорынның орталықтандырылған
серверлерін қосу үшін қолданылды. Ethernet сегменттерінің FDDI
сегменттерімен
байланысы
үшін