10 2 және корпоративтік желінің қосымша жүйелеріне қойылатын талаптар
анықталады. Сақталатын ақпараттың көлемі, олардың желі бойынша
таралуы, трафиктің үлгісі мен қарқындылығы – барлық осы
параметрлер, ДҚБЖ, ОЖ және коммуникациялық жабдықты таңдауға
әсер етеді,қандай қосымшаның желіде жұмыс істейтіндігінің салдары
болып табылады.
3.3.2. Операциялық жүйелер мен олардың сипаттамасы ЖБҚ негізгі компоненті — ОЖ — келесі функцияларды орындайды:
■
қолданушының бірнеше бағдарламасын біруақытта орындау
мүмкін болған жағдайда, компьютердің көпміндетті
жұмысын ұйымдастыру;
■
қолданушының бағдарламалары мен деректерін ақпаратты
тасымалдағыштарда ұйымдастыру және қажет болған
жағдайда осы ақпаратқа қолжетімділікті санкциялау;
■
графикалық интерфейс негізінде қолданушымен өзара
әрекетті қамтамасыз ету;
■
жергілікті немесе ғаламдық желілердің жинақталған желілік
ресурстарына қолжетімділік мүмкіндігін іске асыра отырып,
желілік өзара әрекетті қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта соңғы функция кез-келген заманауи ОЖ үшін
стандартты болып табылады. Соған қарамастан, оларды жіктеуді
жүргізе отырып, аталған белгі бойынша екі топты бөлуге болады:
■