Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Диспетчерлік басқару орталықтарының деңгейінде (ДБО) ЖҚ
қауіпсіздікті және тиімді пайдалануды қамтамасыз етумен, жолаушылар,
технологиялық және арнайы көлікті диспетчерлік басқарумен
байланысты, жедел міндеттер шешіледі.
Жүк көлігін ұйымдастыру және басқару саласында тасымалдауды АБЖ
пайдалану логистикалық тізбектерді оңтайландыру, соның ішінде
интермодалды тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі міндеттерді шешуге
сөзсіз апарады. Жалпы пайдалануға арналған жолаушы көлігін
автоматтандырылған басқаруды іске асыру контурындағы жүйенің
жұмысы кезінде шешілетін негізгі міндеттер 6.1-кестеде берілген.