Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
1 88 белгіленген жиынтығын жинау, өңдеу және тиісті жоспарлы және
нормативтік шамалармен салыстыру арқылы жүктерді тасымалдау
процесінің жүрісін көрсетеді.
Шығыс ақпарат АТЖ орындау бойынша ЖҚ жұмысын сипаттайтын
құжаттар болып табылады, соның ішінде жоспарды орындамау себептері
туралы ақпарат, есептік кезеңдегі статистикалық деректер және т.б.
Есептік деректердің негізінде талдау жүргізіледі. Талдау кезеңінде
шығыс ақпарат жоспарды орындамау себептерін сипаттайтын құжаттар,
оны өтеу бойынша ұсыныстар, ЖҚ жұмысының көрсеткіштері, Ж-
ЖБАЖ диспетчерлері мен операторларының жұмысын қызметін талдау.
Жүктерді тасымалдау процесін есепке алу және талдау бойынша
жұмыстарды орындау үшін Ж-ЖБАЖ қызметкерлерімен келесі
жұмыстар орындалады:
■
клиенттерді, жүк ағынын және тасымалдау жағдайларын
зерттеу;
■
АКК тасу мүмкіндіктері және объектінің техникалық
құралмен жабдықталушылығы теңгерімінің есебімен тасымалдаудың
мүмкін көлемдерін анықтау;
■
көліктік жұмыстың жедел есебінің алдыңғы қатарлы
әдістерін қолдану, тасымалдауды бақылау және реттеудің прогрессивті
әдістерін пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу;
■
Ж-ЖБАЖ операторымен диалогты режимді қамтамасыз ету
үшін, нақты объектіде терминалдарды, перифериялық құрылғыларды
және байланыс құралдарын қолдану мүмкіндіктерін зерттеу;
■
ТҚК жұмысында ақпаратты беруді резервілеу жүйесін
әзірлеу және т.б.
Нарықтық қатынастарға өту жағдайында Ресейде АКК қызметін
ынталандыруда өзгерістер болды. Негізгі мақсат максималды пайда алу
болды. Көптеген кәсіпорындар тасымалдауында пайда болатын
қажеттіліктерді жедел қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өз ЖҚ
пайдалануды таңдады. Алайда тасымалдауды жүзеге асырудағы
икемділіктің кері жағы бар — ЖҚ тасу мүмкіндіктерін пайдаланудың
төмен коэффициенті.
Жеткізу маршрутының негізгі типі маятникті маршрут болды, сонда
тауарды тасымалдауға шығындар сауда кәсіпорынмен оның ақырғы
құнына кіргізіледі және тауарды сатып алу бағасының 10...20% жетуі
мүмкін.
Көліктік қызмет көрсетудің оңтайлығының өлшемдерін
тұжырымдаудағы бірінші кезектегі қиындық — міндетті шешу тиімділігі
ұғымын экономикалық тұрғыда мақсатты білдіру қажеттілігі, содан соң,
осы ұғымды жалпы міндет қойылымымен келісілген нақты формалды
сөйлемдермен дәлірек түсіндіру.
Ж-ЖБАЖ маршруттау міндеттерінің шешімдерін оңтайландыру