Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
24 4 Пайдаланушы мен өндіруші арасындағы шартқа қол қойылмайды: егер сатып алушы дискета немесе компакт-дискімен (бұл орама лицензия деп аталады) дистрибутты-орауышты ашса, ол лицензиялық келісім жағдайларымен келісті деп саналады. БҚ компьютерінде ол тұрақты жадыға (әдетте қатаң дискіге, алайда
ақпарат сақтау үшін компакт-дискіге немесе басқа да құрылғыға
орналастырылады) орналастырылса немесе жедел жадыға жүктелсе,
пайдалануда болады.
Компьютерлік желіде өнім екі тәсілдің бірінде пайдаланылуы мүмкін:
жұмыс стансасынан жергілікті қатаң дискімен Қ іске қосу немесе
өнімді желінің серверіне ғана қосу және серверден БҚ іске қосу.
Желіде (серверден немесе жергілікті жұмыс орнынан) өнім қалай
пайдаланғанынан тыс әр пайдаланушы осы өнімді пайдалану құқығына
лицензиясы болуы тиіс. БӨ пайдаланудың осы нұсқасы ғана заңды
саналады.
Лицензия сатып алудың бірнеше нұсқасы бар, яғни БӨ пайдалану
құқығы. Неғұрлым белгілі және таралған жолы – БӨ-мен қорап сатып
алу. Қорапта лицензиялық келісім, тіркелу карточкасы, БӨ
дистрибутты және құжаттама болады – бұл жаңа пайдаланушылар
үшін, яғни бұдан бұрын осы БӨ пайдаланбағандар, оны алғаш рет
сатып алғандарға арналған БӨ-мен қорапқа кіретін негізгі
компоненттер. Егер бұл БӨ басқа компьютерлерде пайдалану
мүмкіндігі пайда болса, онда бір қорап сатып алу жеткіліксіз болады.
Мұндай жағдайда БҚ көптеген жеткізушілері бағасы қорап бағасынан
төмен лицензиялық келісімі бар лицензия-конвертті сатып алуды
ұсынады.
Жаңа өнімнің өндірушісін таңдау көп факторлармен айқындалады,
бұл ретте стратегиялық маңызды құжатты немесе технологияны
таңдаған кезде міндетті талаптар оның техникалық беделінің
тұрақтылығы мен қаржы жағдайының орнықтылығы болып табылады.
Oracle, Cisco, Netscape, Sun және т.б. нарықтың белгілі бір секторының
танылған көшбасшыларынан өнімдерді сатып алған жағдайда
тәуекелдер азаяды.
Жақсы өнімдер көбінесе таныла қоймаған компаниялардан пайда
болып жатады, бірақ біраз уақыттан кейін көшбасшылар осы жаңа
өнімдерді өз өнімдерінде міндетті түрде қолдана бастайды, сондықтан
көшбасшының ставкасы бұл жағдайда да дұрыс болып шығады, себебі
шағын
инкубациялық
кезең
жаңа
шешімнің
сапасы
мен
перспективалылығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұған Ipsilon
компаниясы IP-пакеттерді жедел беру үшін қолданған IPswitching жаңа
технологиясы мысал бола алады. Жарты жылдан кейін Cisco
компаниясы бастапқы идеяны біраз жетілдіріп, ұқсас Tagswitching
технологиясын әзірледі. Лидерге ставканың жалғыз кемшілігі екінші эшелон
компанияларымен салыстырғанда, олардың өнімдерінің құнының жоғары
болуы болып табылады.