89
телефонның интегралды қызмет көрсететін цифрлық желілері (ISDN), тар
жолақты және шудың көтеріңкі деңгейіне ие ұқсас желі арналарына
қарағанда барынша жоғары дәрежеге келеді.
Кәсіпорыннның
ірі
ЖЕЖ
үшін
магистралды
іске
асыру
технологиясын таңдау, Ethernet, TokenRing, FDDI, FastEthernet тәрізді,
төмеңгі деңгейдегі қолданылатын хаттамалармен анықталады және
желіде қолданылатын коммуникациялық жабдық үлгілеріне мағыналы
әсер етеді.
Магистраль — ол кез-келген желінің барынша қымбат тұратын
бөліктерінің бірі, оның қасиеттері түпкілікті қолданушылар қосылған
корпоративтік желінің барлық сервистерінде дерлік көрінеді. Сондықтан
да, магистраль жұмысының технологиясы туралы шешім, желіні жобалау
мен жаңғырту кезеңіндегі стратегиялық шешімдер санатына жатады.
Желі бойынша деректерді беру белгілі ережелермен реттеледі.
Кейбір функцияларды атқаратын және қандай да болмасын деңгейдегі
құрамға кіретін ашық жүйе бөлшектерінің өзара әрекеті жүзеге
асырылатын ереже,
деректерді беру хаттамалары немесе
желілік
хаттамалар деп аталады.
Компьютерлер арасында деректерді беру көп қадамды орындауды
талап етеді. Мысалы, бір компьютерден екіншісіне файл беру үшін,
файлды бірнеше бөлшектерге бөлу қажет, одан кейін осы бөліктерді
белгілі түрде топтастыру қажет (3.6-сур.).
Техникалық егжей-тегжейлігіне үңілмей ақ, мұндай желінің жұмысын
келесі түрде көруге болады: желідегі әрбір компьютер орнақ арнаны
бақылайды. Егерде ағымдағы хабар оған бағытталса, онда ол оны
қабылдайды, егерде ол бірнәрсені беру керек болса, онда арна
босатылады және хабарды бастайды. Пакеттерді беруге тырысу
соқтығысқан жағдайда, ортақ арна бос болмаған жағдайда, бір компьютер
басқаларын озып шықпағанша, онда белгілі уақыт аралығынан соң
деректерді беруге тырысу қайта орындалады, ал ортақ арнаны басып
алып, ол толық жылдамдықта жұмыс істей отырып, оны тұтастай
пайдаланады. Желінің аталған түрі Ethernet деп аталады.
3.6-сурет Желі арналары бойынша берілетін хабарламаның құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: