Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет5/230
Дата01.10.2024
өлшемі23,05 Mb.
#146352
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230
рентгендік анатомия
 
деп аталатын 
ажырамас бөлігі болып табылады. Анатомия гылымының бүл салалары 
адам анатомиясының түрлі аспектілері болып табылады.
Адам тірі материя дамуының ең жоғаргы өнімі болып табылады. 
Сондықтан оның қүрылысын түсіну үшін тірі табиғаттың пайда болуы 
және дамуы заңдылықтары туралы ғылым ретінде биологияныц 
деректерін пайдалану қажет. Адам тірі табиғаттын бөлігі сиякты, оның 
қүрылысын зерттейтін ғылым, яғни анатомия да биологияның бөлігі 
болып табылады.
Организмнің қүрылымын түрі мен атқаратын кызметінің байланысы 
түрғысынан түсіну үшін анатомия организмнің тіршілік әрекеті туралы 
ғылым - физиологияның деректерін пайдаланады. “Морфологиялык 
және физиологиялық қүбылыстар, форма мен функция біріне-бірі 
байланысты” (Маркс К., Энгельс Ф., Шыг., 2-басылымы, 20-том, 
620-бет). Анатомия мен физиология сол бір гана объектіні - тірі жанның 
қүрылымын, әр түрғыдан: анатомия - тірінің күрылысын, ал физиоло­
гия - оның атқаратын қызметін қарастырады. Медициналык білімнің 
әліппесі болып табылатын бүл туыстас екі пәннің өзара катынасы 
осындай.
Анатомияның өзі ағзалардың сыртқы ғана емес, ішкі пішіні мен 
қүрылымын да микроскоптың көмегімен зерттейді (.
иикроскопиялық
анатомия).
 
Анатомия тіндердің күрылысы мен даму заңдылыктарын 
зерттейтін ғылым - гистология (грекше 
hystos
 
- тін), сондай-ақ тіндер 
мен ағзаларды құрайтын әр түрлі жасушалардың қүрылысы, дамуы 
және қызметі заңдылықтарын зерттейтін жасуша туралы ғылым - 
цитологиямен
 
(грекше 
cytos
 
- жасуша) тығыз байланысты.
Электрондық микроскоптың ойлап табылуымен байланысты тірі 
материяның субмикроскопиялық қүрылымдарын және тіпті молеку- 
лаларын зерттеуге мүмкіндік туды. Цитология мен химияның түйіскен 
жерінде жаңа ғылым - цитохимия дами бастады. Соның нәтижесінде
9


қазіргі адам организмінің құрылысы түрлі деңгейде зерттеледі: 1) 
ағзалар жүйелері мен ағзалар деңгейінде: а) жай көзбен; ә) үлкейткіш 
шыны көмегімен; 2) тіндер деңгейінде: а) стереоскопиялық микроскоп 
көмегімен (


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет