Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


О р г а н и з м д е г і э л е м е н т т е р д ің ө з а р а қ а т ы н а с ы



Pdf көрінісі
бет46/230
Дата01.10.2024
өлшемі23,05 Mb.
#146352
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   230
О р г а н и з м д е г і э л е м е н т т е р д ің ө з а р а қ а т ы н а с ы . 
Бүтін дегеніміз - 
оны басқа жүйелерден өзгешелейтін ерекше сапасы бар элементтер мен 
үрдістердің күрделі жүйесі, бөлік дегеніміз - бүл жүйенің бүтінге 
бағынған элементі.
Организм біртұтас нәрсе ретінде оның бөліктерінің (жасушалары, 
тіндері, ағзалары) қосындысынан артық. Бұл артықтық фило- және 
онтогенез үрдістерінде бөліктердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде 
пайда болған жаңа сала. Берілген ортада дербес тіршілік етуге 
қабілеттілік организмнің ерекше сапасы болып табылады. Мәселен, 
біржасушалы организм (мысалы, амеба) дербес тіршілік етуге қабілетті.
44


ал организмнін бөлігі болыи табылатын жасуша (мысалы, лейкоцит), 
организмнен тыскары тіршілік ете алмайды және каннан бөлініп 
алынса, оледі. Тек белгілі бір жағдайларды колдан жасағанда ғана 
окшауланган агзалар мен жасушалар тіршілігін сактай алады (тіндер 
культурасы). Алайда мүндай окшауланган жасушалардың кызметі түтас 
организм жасушаларынын кызметімен бірдей емес, өйткені олар баска 
тіндермен зат алмасудан шығарылып тасталған.
Біртүтас бүтін ретінде организм өзінің бөліктеріне жетекші рөл 
аткарады, барлык ағзалар кызметінің нейрогуморалдык реттелуге 
бағынышты болуы соның көрінісі болып табылады. Сондыктан 
организмнен оқшауланған агзалар түтас организм шеңберінде өздеріне 
тән қызметтерді атқара алмайды. Агзаларды көшіріп кондырудың 
қиындыгы осымен түсіндіріледі. Ал организм біртүтас нәрсе ретінде 
өзінің кейбір бөліктерінен айырылғаннан кейін де тіршілік ете береді, 
оған дененің жекелеген ағзалары мен бөліктерін оперативтік жолмен 
алып тастайтын хирургиялық практика дәлел бола алады (бір бүйректі 
немесе бір жақ өкпені алып тастау, аяк не қолды кесіп алып тастау жәнс 
т.б). Бөліктің бүтінге бағынуы абсолютті емес, өйткені бөліктің 
салыстырмалы дербестігі бар. Салыстырмалы дербестігі болғандықтан, 
бөлік бүтінге эсер ете алады, оған жекелеген агзалар ауырган кезде 
бүкіл организмнің өзгеруі дэлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет