Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет206/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   369
2.
 Айдаршықты буын, 
articulatio bicondylaris
 
(мысалы, тізе буыны). 
Дөңгелек өсінді түріндегі дөңес буын басы бар, пішіні эллипске 
жақындайды, ол айдаршық, 
condylus,
 
деп аталады. Айдаршыққа басқа 
сүйектің буындасқан бетіндегі ойыс сәйкес келеді, олардың көлемі әр 
түрлі болуы мүмкін.
Айдаршық буынды шығыртәрізді буыннан эллипстәрізді буынға 
ауыспалы пішін болып табылатын эллипстәрізді пішінді буынның бір 
түрі деп қарастыруға болады. Сондықтан оның айналу білігі фронталды 
болады.
Шығыртәрізді буыннан айдаршықты буынның өзгешелігі буын- 
дасатын беттердің шамасы мен пішіндерінде үлкен айырмашылық 
болуында. Осының салдарынан шығыртәрізді буынға қарағанда бұл 
буында қозғалыс екі білікті айнала жүруі мүмкін. Ол эллипстәрізді 
буыннан буын бастарының санымен өзгешеленеді. Айдаршықты 
буындарда әруақытта екі айдаршық болады, олар біршама сагитталды 
орналасқан, және олар бір қапшықта (мәселен, ортан жіліктің тізе 
буынына қатысатын екі айдаршық) немесе ауыз омыртқа-шүйде 
буынындағы сияқты түрлі буын қапшықтарында орналасады.
Айдаршық буын басының дұрыс эллипстік конфигурациясы болма- 
ғандықтан, екінші осы міндетті түрде нағыз эллипстәрізді буынға тән 
горизонталды болмайды; ол вертикалды болуы да мүмкін (тізе буыны).
Егер айдаршықтар әр түрлі буын қапшықтарында орналасса, онда 
оның қызметі жағынан эллипстәрізді буынға жақын болады (ауыз 
омыртқа-шүйде буыны). Егер айдаршық жақындасқан және бір 
қапшықта орналасқан болса, мысалы, тізе буынындағы сияқты, онда 
буын басы тұтас алғанда ортасынан бөлінген цилиндрге (шығыршыққа) 
ұқсайды. Бұл жағдайда айдаршықты буын қызметі жагынан шыгыр- 
шықтәрізді буынға жақын келеді.
3. 
Ертоқымтәрізді буын, 
art. sellaris
 
(мысалы, бас бармақтың 
білезік-алақан сүйек буыны). Бұл буын бірінің үстіне бірі “отырған” екі 
ертоқымтәрізді буындасқан беттерден құралған, олардың біреуі 
екіншісінің ұзына бойымен және көлденең қозғалады. Осының 
арқасында ондағы қозғалыстар өзара перпендикулярлы екі біліктің:
174




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет