Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Б ұ л ш ы қ е т т е р д ің қ о с а л қ ы



Pdf көрінісі
бет259/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   369
Б ұ л ш ы қ е т т е р д ің қ о с а л қ ы
б ө л ік т е р і. 
Бұлшықеттердің басты 
бөліктері - оның денесі мен сіңірінен басқа оның жұмысын жеңілдететін 
қосалқы бейімділіктер болады. Бұлшықеттер тобы (немесе дененің 
белігілі бір бөлігінің барлық бұлшықеттер жиынтығы) талшыкты 
дәнекер тіннен түзілген шандырмен (фасциямен) қоршалады.
Шандырлар құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне қарай 
беткей, терең және ағзалар шандырлары деп бөлінеді. 
Беткей
(теріасты) шандырлар, fasciae superficiales s. subcutaneae
терінің 
астында жатады. Олар теріасты шелмайының тығыздалған түрі болып,
сол аумақтың барлық бұлшықеттерін 
қоршайды. Беткей шандырлар мор- 
фологиялық, 
қызметтік 
жағынан 
теріасты шелмайы, терімен бай­
ланысты және олармен бірге дененіқ 
серпімді тірегін қамтамасыз етеді 
(1 18-сурет).
118 - с у р е т. И ы қты ң ш анды рлары .
А л д ы н а н қ араған дағы к ө р ін іс і.
Ж оғар ғы ү ш т ен б ір б ө л іг і (б ұ л ш ы қ ет т ің
ш анды рлы қы наптары аш ы лған ).
1 - m . 
b ic e p s brachii; 
2 - m . b rach ialis;
3 - sep tu m in term u scu la re b rach ii m ed ia le;

m. tricep s b rach ii; 5 - sep tu m in ter­
m u scu la re b rach ii laterale; 6 -h u m e r u s;
7 - fa sc ia brachii; 8 - fa s c ia b rach ii
s u p e r f i c i a l ; 9 - te la su b cu tan ea; 10 - cu tis.
236


Терец шандырлар, fasciae profundae,
синергист-бұлшыкеттер тобын 
(ягни біртектес қызмет аткаратын) немесе әрбір жеке бұлшыкетті 
(мсншікті шандыр, fascia propria) жабады. Бұлшыкеттің меншікті 
шандыры зақымдалғанда, бұлшықеттің осы жері томпайып, жарык 
түзіледі.
Бүлшықеттердің 
бір 
тобын 
баска 
топтан 
бөліп 
түратын 
шандырлардан тереңге қарай, көрші бұлшыкет топтарының арасына 
өтетін және сүйектерге бекитін өсінділер, бүлшықет аралык калқалар, 
septa intermuscularia түзіледі.
Ш анды рларды н қы н ап ты қ құры лысы . Беткей шандыр бүкіл 
адам денесі үшін өзіндік біртүтас қынап түзеді. Меншікті шандырлар 
жеке бүлшықеттер мен ағзалар үшін қынап құрайды. Шандырлардын 
қынаптық кұрылыс принципі дененің барлық бөліктерінің (түлға, бас, 
қол-аяқтар) және іш, кеуде, жамбас қуыстары ағзаларының шан- 
дырларына тән; әсіресе, қол-аяк шандырлары күрылысын Н.И. Пирогов 
толық зерттеді.
Қол-аяқтың әрбір бөлімінің бір сүйек (тоқпан жілік және ортан 
жілікте) немесе екі сүйек (білек пен сирақта) айналасында орналасқан 
бірнеше қынабы немесе шандырлы қаптары болады. Мысалы, тоқпан 
жіліктің проксималды бөлімінде - 7-8, ал дисталды бөлімінде 14 
шандырлы қынапты айыруға болады.
Бүкіл қол-аяқ айналасын қоршайтын негізгі қынапты және 
бүлшықет топтарын, тамыр және нервтерді қамтитын екінші ретті 
қынаптарды ажыратады. Н.И. Пироговтың қол-аяқ шандырларының 
қынапты құрылысы туралы теориясының іріңді ісіктердің, қан 
құйылғанда қанның таралуын түсінуде, сондай-ақ жергілікті (қынапты) 
анестезия үшін маңызы бар.
Шандырлардың қынапты құрылысынан басқа, соңғы кезде тірек 
және шектеуші рөлін атқаратын шандырлы түйіндер туралы түсінік 
пайда болды. Тірек рөлі шандырлы түйіндердің сүйек және сүйек 
қабығымен байланысынан көрінеді, соның арқасында шандырлар 
бүлшықеттердің тарту күшіне жағдай туғызады. Шандырлы түйіндер 
тамыр мен нервтердің, бездердің және т.б. қынаптарын нығайтып, қан 
және лимфа ағындарына жағдай тудырады.
Шектеуші рөлі мынада: шандырлы түйіндер бір шандырлы қынапты 
басқаларынан бөліп, іріңнің таралуына тосқауыл болады, ал шандырлы 
түйіндер бұзылса, ірің ешбір кедергісіз тарала береді.
Шандырлар бүлшықеттерді қоршап және бір-бірінен бөліп, олар- 
дың бөлек жиырылуына жағдай жасайды. Сөйтіп, шандырлар бүлшық- 
еттерді әрі бөледі, әрі байланыстырады.
Ағзаларды, жабатын терең шандырлар, атап айтқанда бұл- 
шықеттердің меншікті шандырлары қаңқада бүлшықетаралық қалқалар 
немесе шандырлы түйіндердің көмегімен бекиді. Тамыр-нерв буда- 
ларының қынабы осы шандырлардың қатысуымен қүрылады. Аталған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет