Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Т Ұ Л Ғ А Н Ы Ң В Е Н Т Р А Л Д Ы Ж А Ғ Ы Н Ы Ң Б Ұ Л Ш Ы Қ Е Т Т Е Р І



Pdf көрінісі
бет270/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   369
Т Ұ Л Ғ А Н Ы Ң В Е Н Т Р А Л Д Ы Ж А Ғ Ы Н Ы Ң Б Ұ Л Ш Ы Қ Е Т Т Е Р І
Қарапайым омыртқалылардың вентралды бұлшықеттері дененің 
іш жағында үзіліссіз созылып жатады. Олар күрделі омыртқалыларда 
4 аймаққа бөлінеді: мойын, кеуде, іш және құйрық аймақтары.
Адамда бұл төрт бөлімнен тік жүруге байланысты іш бұлшықеттері 
айырықша дамиды, құйрық бөлімінде құйрықтың жоғалуына байла­
нысты кері дамыған.
Миотомдардың вентралды өсінділерінен пайда болған тұлғаның 
аутохтонды бұлшықеттерінің құрылысы, жекелеген аймақтар бойынша 
түрліше бөлінуіне қарамастан, бір типті болып келеді. Вентралды 
бұлшықеттер толық дамыған, ең алдымен көбіне үш қабаттан тұратын 
бүйір бөлігін (жалпақ бұлшықеттер) және жамбастан басқа дейін 
бойлай ортаңғы дәнекер тінді қалқаның бүйірлерінде (ақ сызық) 
орналасқан, алдыңғы бөлігін (тік бұлшықеттер) ажыратады.
Адамда бұл құрылыс типі бүйірлік жалпақ бұлшықеттері (mm. 
obliqui et transversus abdominis) және тік бұлшықеттері (m. rectus 
abdominis) бар іш аймағында жақсы байқалады; кеуде бөлімінде 
төстің дамуы себебінен алдыңғы (тік) бұлшықеттер болмайды да, ал 
мойында олар қайта пайда болады (тіласты сүйегіне бекитін 
бұлшықеттер).
Бүйір бұлшықеттері іш аймағында сегменттелмеген, бірақ кеуде 
аумағындағы ондай бүлшықеттерде миотомдардың myosepta-сы ұзына 
бойына орналасқан қабырғалардың болуынан айқын пішінде бірінші 
метамерия сақталған (mm. intercostales). Мойында бүйір бұлшықеттері 
үш сатылы бұлшықеттерге түрлене өзгерген (mm. scaleni). Жоғарыда 
айтылғандай, тік бұлшықеттерде де метамерияның іздері (сіңірлі 
дәнекерлер) сақталады. Сонымен бірге, кей жерлерде вентралды 
бұлшықеттердің бөліктері артқа қарай омыртқа бағанасының алдыңғы 
бетіне (омыртқа алдындағы бүлшықеттер) немесе оның бүйір жағына
250


(m. quadratus lumborum), омыртка бағанасының дорсалды бетіне 
ығысып, арка бұлшықеттері күрамына енеді.
Омыртқа алдындағы бүлшықеттер түлғанын жоғарғы шетінде 
(мойында) дамыған, адамда осындай бүлшыкеттер төменгі шетінде 
жамбас астауы көкетін түзуге жүмсалған (m. levator ani et т . coccygeus, 
спланхнологияда сипаттама беріледі). Вентралды бүлшыкеттердің 
катарына тағы да бір өзіндік өзгешелігі бар, тек сүтқоректілерде болатын 
бүлшықет енеді. Бүл 
көкет, ол - кеуде торының төменгі шетіне, іш 
қуысымен шекараға карай томен түскен мойын бүлшыкеттерінің 
туындысы. Ең ақырында, аутохтонды вентралды бүлшыкеттердің 
үстінен кейбір жерлерде келімсек-бүлшыкеттер - желбезек доғаларының 
туындылары мен қол-аяк бүлшықеттерінің бөліктері орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет