Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет275/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   369
Қабыргалық бөлік, pars costalis,
VII-XII қабырғалардың шемір- 
шектерінен басталып, сіңірлі орталыққа карай барады.
Төстік бөлігі, pars sternalis,
төстің семсертәрізді өсіндісінің артқы 
бетінен сіңірлі орталыққа қарай шығады. Pars sternalis пен pars costalis 
арасында, төстің жанында жұп үшбүрышты саңылау, төс-қабырға 
үшбүрышы, trigonum stemocostale, жатады, ол арқылы a. thoracica 
interna-ның төменгі шеті өтеді.
Көлемділеу басқа жүп саңылау, бел-қабырға үшбүрышы, trigonum 
lumbocostale, pars costalis пен pars lumbalis арасында орналасқан. 
Қүрсақта даму кезіндегі кеуде және іш қуыстарының арасындағы 
қатынасқа сөйкес келетін бүл саңылау, жоғарғы жағынан өкпеқап және 
fascia endothoracica, ал астыңғы жагынан - fascia subperitonealis, ішастар 
астындағы шелмай және ішастармен қымталған. Ол арқылы көкет 
жарықтары өтеді.
255


Сіңірлі орталықта ортаңғы сызықтан аздап артқа және оңға қарай 
төртбұрышты төменгі қуыс вена тесігі, foramen venae cavae, жатады, ол 
арқылы төменгі қуыс вена өтеді. Бұрын айтылғандай, көкет күмбез 
пішінді, бірақ күмбездің биіктігі екі жағында симметриялы емес; бұл оң 
жағында көлемді бауыр орналасуына байланысты оң жағы сол жағына 
қарағанда жоғарылау жатады.
Қызметі.
Көкет демді алған кезде жиырылып, күмбезі жалпаяды да, 
томен түседі. Көкеттің томен түсуі нәтижесінде демді алған кезде кеуде 
қуысы вертикалды бағытта үлкейеді.
Кеуде ш анды рлары . М. pectoralis major-дың алдыңғы беті кеуде 
шандырының fascia pectoralis, беткей жапырақшасымен жабылған, ол 
медиалды төс сүйек қабығына және латералды fascia deltoidea-ға 
айналады. М. pectoralis major астында айқындау білінетін терең 
жапырақша fascia pectoralis, жатады, ол trigonum clavipectorale 
аймағында (бұғана мен кіші кеуде бұлшықеті арасында) fascia 
clavipectoralis деген атпен бөлінеді. Бөлініп және қайта қосылып, терең 
жапырақша fascia pectoralis m. subclavius және m. pectoralis minor-ды 
қоршайды. Fascia pectoralis-тің беткей және терең жапырақшалары екі 
жерде бір-бірімен қосылады. 1) Sulcus deltoideopectoralis және 2) fascia 
pectoralis fascia axillaris-ке айналатын m. pectoralis major-дың төменгі 
жиегінде. Fascia axillaris fossa axillaris қолтық қуысының түбін құрайды. 
Оның шеңбері бойымен көрші бұлшықеттерге таралады, ал ортасында 
оны жабатын терімен бірге өте тереңдейді де, сырт жағынан көрінетін 
қолтық шұңқыры пайда болады. Кеуде торының сыртқы бетіндегі 
шандырдан басқа ішкі жағынан кеуде қуысы шандырмен, fascia 
endothoracica, астарланады, ол да өте жұқа қабат түрінде кокетке 
ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет