Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет164/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Қан айналу жүйесі. Көпаяқтылардың жақсы дамыған жүрегімен қоса, перифериялық қан тамырлары да бар. Жүрегі нәзік, мөлдір түтік, ішектің үстіңде тұлғаның бойымен бүкіл денесінде созылып жатады. Артқы жағы тұйық немесе екі қысқа түтікшеге жалғасқан. Жүрек, дене сегменттеріне сәйкес, камераларға бөлінген, әрбір камерада остия деп аталатын екі тесігі болады (қақпақшамен ашылып жабылатын). Diplopoda класс тармағыңда, сегменттері қосарланғандықтан жүректің бір камерасында екі жұп остиясы болады.
Жүрегі миға бағытталған бас аортасына жалғасады. Ерінаяқтылардың (Chilopoda) қан айналу жүйесі өте жақсы дамыған, миға бағытталған бас аортасынан артерия сақинасы шығып, ол ішекті айналып өтіп, құрсақ нерв тізбегінің үстінде ұзына бойы орналасқан құрсақ қан тамырына жалғасады, сондай-ақ жүректің әр камерасынан екі бүйірлік артерия шығады. Жүрек
ерекше қанат тәрізді бұлшықеттердің көмегімен дененің қабырғасына бекіп тұрады. Жүректен шыққан қан тамырлары (бас аортасы, бүйірлік артериялар, қосымша артериялар) денеге тарап, кейін үзіледі де, гемолимфа (қан) дене қуысына немесе миксоцель (аралас) қуысына құйылады, яғни қан айналу жүйесі ашық. Дене қуысынан гемолимфа жүрек маңы (перикардия) қуысына өтіп, одан остия арқылы жүрекке барады. Қанаттәрізді бұлшықеттерінің жиырылу нәтижесінде жүрек камералары да жиырылып, гемолимфаны артқы жақтан алдына қарай айдайды. Құрсақ қан тамырында гемолимфа қарама- қарсы бағытта (алдыңғы жақтан артқа қарай) жылжиды.
Нерв жүйесі. Көпаяқтылардың нерв жүйесі барлық буынаяқтыларға тән жұп жұтқыншақ үсті немесе ми ганглиясынан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина-коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Жұтқыншақ асты ганглиясы - құрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні. Құрсақ нерв тізбегі метамерлі (әрбір сегментінде) орналасқан нерв ганглияларынан тұрады.
Миының гистологиялық құрылысы күрделі, сондағы антенналарға және дененің мүшелеріне нервтерді беретін ганглия жұптары күштірек дамып, оқшаулануымен ерекше, сондай-ақ интеркалярлы сегментті иннервация жасайтын нерв клеткасының жұбы бар.
Құрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні - жұтқыншақ асты ганглия - ауыз аппаратын нервтендіреді, ал әрбір сегментінде орналасқан жұп нерв ганглиялары сол сегменттің қайсыбір нүктесіне нервтерді таратады да, сондағы пайда болған тітіркенуді қабылдап, кейін миына коннективалар арқылы жеткізеді. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде мұндай құрылыс тек алдыңғы төрт сегментіне тән, қалған сегменттерінде бірінен соң бірі орналасқан екі жұп ганглиясы болады, бүл осы сегменттердің бір-бірімен қосылып кеткенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет