Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Таспа құрттар отряды - Pseudophyllidea



бет77/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Таспа құрттар отряды - Pseudophyllidea

Бұл отрядтың негізгі ерекшеліктері: басында (сколексте) сорып қадалатын екі саңылауы - ботриясы немесе ерекше ұзын қысқыш ойығы - ботридиясы немесе тіркелгіш шұңқыры болады; денесі көп бунақты; жатыны тұйық болмай, жұмыртқаны сыртқа шығаратын тесігі болады; дамуы түпкі (негізгі) иесінен екі аралық иесіне көшу арқылы өтеді; личинкалары - процеркоид, плероцеркоид.





  1. сурет. Hymenolepis nana-ның даму циклі: А - жалпы көрінісі; 1 - сколекс, 2 - мойын, 3 - стробила, 4 - пісіп жетілмеген буын, 5 - гермафродитті буын; Б - даму циклі (адамның ішегінде); 1 - стробила, 2 - жұмыртқалар, 3 - онкосфера, 4 - цистицеркоид, 5 - цистицеркоид ішек арасында, 6 - цистицеркоидтың ішекке жабысуы, 7 - стробиланың түзілуі

Негізгі тұқымдастары: Diphyllobothriidae, өкілі Diphyllobothrium latum - жалпақ таспа құрт; Ligulidae, өкілі Ligula intestinalis - лигула немесе белдік құрт.


Жалпақ таспа құрт (Diphyllobothrium latum). Басында екі саңылауы - ботриясы болады, денесі 3000-4000-нан аса буыннан тұрады, ұзындығы 9-10 м. Пісіп жетілген буындарының ені 1,5 см, жатыны жапырақ тәрізді.
Жалпақ таспа құрттың дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрі адамның, иттің, мысықтың, түлкінің ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің ішегінен нәжіспен араласып сыртқа шығарылады. Әрі қарай даму үшін жұмыртқалар суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған алты ілмекті ұрық корацидий
шығып, суда еркін жүзіп жүреді де, өзінің ары қарай дамуы үшін ол бірінші аралық иесінің денесіне түсуі керек (71-сурет). Аралық иесі шаянтәрізділер (Cyclops,



  1. сурет. Таспа құрттың (Diphyllobothrium latum) даму циклі: 1 - жұмыртқа, 2 - корацидияның жұмыртқадан шығуы, 3 - корацидий, 4 - бірінші аралық иесі - циклоп (қуысында личинка продеркоид), 5 - екінші аралық, иесі - балық (ішкі мүшесінде личинка плероцеркоид), 6 - негізгі иесі - адам

Diaptomus туыстастарынан). Циклопка жұтылып, ішегіне түскен корацидий кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, циклоптың дене қуысына түседі және осында процеркоид деп аталатын құрттәрізді личинкасына ауысады. Процеркоидтың ұзындығы 0,5 мм, денесінің, соңында алты ілмешекті тасымалдайтын қосымша мүшесі болады, ол моногенея личинкаларының церкомер бөліміне ұқсас. Процеркоид үш апта уақытта дамып, келесі сатысына өту үшін екінші аралық иесіне - балықтың денесіне түсуі керек. Егерде балықтар (шортан, нәлім, алабұға, таутан, албырт) ішінде процеркоиды бар циклоптарды жұтса, онда процеркоид балықтың ішегін тесіп балықтың бұлшыкеттеріне, жыныс бездеріне, басқа да мүшелеріне өтіп, осы мүшелерінде церкомер бөлігін тастап, келесі плероцеркоид личинкасына айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы 1-1,5 см, алдыңғы бөлігінде екі сорғыш саңылауы жақсы дамыған. Плероцеркоид ересек формасына өту үшін енді негізгі (түпкілі) иесі - адамның, иттің, мысықтың ішегіне түсуі қажет. Толық қуырылмаған немесе пісірілмеген балықтың етімен бірге ішекке түскен плероцеркоид, басын шығарып, сорғыш саңылаулары арқылы ішекке жабысып, мойыны жаңа буындарды түзіп, ересек формасына айналады.


Жалпақ таспа құртпен ауыруы - дифиллоботриоз деп аталады. Адам үшін бұл өте қауіпті ауру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет