Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет91/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Балалар острицасы - Enterobius vermicularis адамның, көбінесе балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік етеді. Аталығының ұзындығы 2- 5 мм, денесінің артқы ұшы спираль тәрізді оратылған, аналығының - 9-12мм, артқы ұшы біз тәрізді сүйірленген (80, В - сурет). Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс аралығына жұмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады. Балалар оны қолымен қасыса, кейін жұмыртқаларын аузы арқылы қайтадан жұтуы мүмкін. Жұмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялық жұмыртқадан личинка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне айналады.
Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай-ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады. Энтеробиозға қарсы профилактикалық шараларды орындау

  • денені таза ұстау, гигиенаны сақтау қажет.

Ішек угрицасы - Strongyloides stercoralis адамның он екі елі ішегінде және ащы ішекте паразиттік тіршілік етеді. Дамуында екі ұрпағы болады: біреуі паразиттік немесе ішектік; екіншісі - еркін тіршілік етуші немесе топырақтық. Ішектің ішінде гермафродита формасы дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар нәжіс арқылы сыртқа шығарылып, топыраққа түседі. Жұмыртқалардан екі типті личинкалар дамиды: бірқатары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, ересек күйге айналмай, бірнеше рет түлейді де су арқылы немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті құртқа айналады; қалғандары топырақ арасында еркін тіршілік етіп, кейін аталық және аналық ересек формасына айналады да, ұрықтанып личинкаларын тірідей туады.
Осы личинкалар су немесе тері арқылы адамның ішегіне өтіп гермафродитті құртқа айналады. Осылайша гетерогония процесі байқалады.
Он екі елі ішектің свайнигі - Ankylostoma duodenale адамның он екі елі және ащы ішектің ішінде паразитгік тіршілік етеді. Көбінесе тропикалық, субтропикалық елдерде және Оңтүстік Еуропада кездесіп, адамды анемия немесе қаны аз ауруына шалдықтырады, өлімге душар етуі мүмкін. Бұл кішкене қызғылт түсті құрт, ұзындығы 10-18 мм. Ауыз қуысындағы хитинді тістерімен ішектің сілекейлі қабырғасына жабысып, ішектегі эпителий клеткаларымен қоректенеді және қан сорады. Сонымен қатар бұл паразит зиянды токсиндер бөліп шығарады (80, Б-сурет).
Жұмыртқасы нәжіспен бірге сыртқа шығарылып, дымқыл жерде немесе суда дамиды. Жұмыртқадан бір немесе бірнеше күннен соң личинка шығады, ол екі рет түлейді де, инвазиялық сатысына айналады. Адамға жұғу жолы күрделі, алдымен личинка адам терісін бұрғылап тесіп қанға өтеді, қан арқылы өкпеге, одан тыныс жолы арқылы ауыз қуысына, жұтылғаннан соң ащы ішекте тоқтайды.
Анкилостомоз ауруы көбіне жер қазу жұмыстарымен (шахтада, туннель бұрғылауда) айналысқан жағдайларда байқалады. ТМД-да анкилостомоз Закавказьеде, сирек те болса Орта Азияда кездеседі.
Sphaerularia bombi - түкті араның паразиті. Ересек түрлері топырақта тіршілік етеді. Ұрықтанған аналығы түкті араның дене қуысына еніп, содан кейін паразиттің жыныс тесігінен жатыны айналып шығады да, кеңейіп, жұмыртқаларға толады. Жұмыртқалардан дамыған личинкалар, араның денесін тесіп, сыртқа топыраққа түседі де ересек түрлеріне айналады.
Tylenchidae тұқымдасының көптеген түрлері ауылшаруашылық өсімдіктердің елеулі зиянкестері болып фитонематодтар (фитогельминттер) тобын құрайды. Олар өсімдіктердің әр түрлі мүшелерін жарақаттап зақым келтіреді.
Бұзғынша (галла) нематодасы - Meloidogyne incognita көп қоректі зиянкестер, олар бақша және көкөніс, сонымен қатар жеміс-жидек және техникалық дақылдардың тамырларын қатты зақымдайтын паразиттер. Құрттардың жыныстық диморфизмі ерекше. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1,2-1,8 мм, аналықтары алмұрт немесе құмыра тәрізді, ұзындығы 0,8-1,0 мм (81-сурет).
Топырақ арасына түскен личинкалар өсімдіктердің тамырына өтеді. Осы жерде олар тамырдың шырынымен қоректеніп, төрт рет түлеп, өседі. Личинкалардың келтірген зардабынан (шығарған ферменттерінің әсерінен) өсімдіктің тамыр тканьдері, қалыптан тыс ұлғайып өсіп, тамырларының үстінде бұзғынша (галла) деп аталатын көптеген ісіктер пайда болады (81, Г - сурет). Бұл ісіктер біртіндеп үлкейе береді. Алғашқы кезде олар қатты, кейіннен көпсіп, шіріп жұмсарады. Осы бұзғыншаның ішінде личинкалар өсіп ересек түріне айналады. Аналықтары жұмыртқасын арнайы бездердің бөлінуінен пайда болған оотека деп аталатын жұмыртқа қапшығына салады. Дамыған личинкалар оотекадан шығып, шіріген бұзғыншаны тастап, топыраққа немесе басқа өсімдіктердің тамырына өтеді.
Бұзғынша нематодасымен зақымданған өсімдіктер өспей, ерте солып қалады. Оларға қарсы әрекеттердің бастысы - ауруға төзімді сорттарды таңдап алу, арам шөптерді құрту, топыраққа нематоцид препараттарын шашу, жабық жайлар (парник) топырақтарының температурасын жоғары көтеру.
Қызылша нематодасы - Heterodera schachtii көкөністік, мал азықтық, техникалық және қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит.
Қызылша нематодасы, бұзғынша (галла) нематодасы сияқты жыныстық диморфизмімен ерекшеленеді. Аталықтары жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1,0-1,2 мм, аналықтары лимон тәрізді, ұзындығы 0,8-1,3 мм (81- сурет).



  1. сурет. Паразитті нематодтар: А, Б - бұзғынша (галла) нематодасы (Meloidogyne sp.), аналығы (А), аталығы (Б); В - қызылша нематодасы (Heterodera schachtii), аналығы; Г - бұзғынша нематодасымен зақымданған қияр тамырлары; Д - қызылша нематодасымен зақымданған қызылша тамыры; Е - қызылша нематодасының аналықтары (үлкейтілген); 1

- стилет, 2 - өңеш, 3 - өңеш безі, 4 - нерв сақинасы, 5 - зәр шығару тесігі, 6 - ортаңғы ішек, 7- аналық, без, 8 - аналық жол, 9 - жатын, 10 - жыныс тесігі, 11 - аналь тесігі, 12 - аталық без, 13 - аталык жол, 14 - тұқым шығарғыш түтігі, 15 - спикула

Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының түбіршіктеріне өтеді. Осы жерде личинкалар қоректеніп, бірнеше peт түлеп, өсіп, ересек түріне айналып, ұрықтанады. Жұмыртқалары сыртқа шығарылмай аналығының ішінде дамиды. Сондықтан денесі үлкейіп, кутикуласы қалыңдап, қоңыр түсті, лимон тәрізді цистаға айналады. Дамыған личинкалар цистаны тастап, топыраққа түсіп, басқа қызылша тамырларына өтеді.


Зақымданған қызылшаның жапырақтары солып, сарғайып қурайды, тамыр - жемісінің құрамындағы қанттық проценті азайып және өнімділігі төмендейді.
Құрттар, қызылша өсірілетін аудандарда кең тараған. Қазақстан үшін карантин объектісі. Қызылша нематодасына қарсы бағытталған агротехникалық шараларды дұрыс қолдану қажет.
Бидай нематодасы - Anguina tritica, бидай және басқа да астық тұқымдастар дақылдарының кең таралған зиянкестерінің бірі және фитонематодтар ішіндегі ең ірісі. Аналығының ұзындығы 5 мм, көлденеңі 0,2 мм.
Топырақ арасына түскен личинкалар бидайдың сабағына өрмелеп, бидай жапырағының қолтығына шоғырланып, кейін бидай жас масақ тарта бастағанда гүл түйініне өтеді. Сол жерде, личинкалардың паразиттік тіршілік әрекетіне байланысты, өсімдік клеткаларынан бұзғыншалар (галла) түзіледі. Бұзғыншаның ішінде личинкалар өсімдік шырынымен қоректеніп, өсіп ересек түріне айналады да, ұрықтанып, жұмыртқа салады (15000-17000-ға жуық). Жұмыртқалардан шыққан личинкалар бірнеше рет түлеп, инвазиялық сатысына ауысады. Құрғап кеткен бұзғыншаның ішінде бұлардың тіршілік уақыты анабиоз күйінде өтеді және осы жағдайда 20 жылға дейін өлмей өмір
сүре алады.
Бұзғыншалар бидай тұқымымен бірге жерге себіледі де, оның ішінен личинкалар шығып, топырақ арасына таралады. Топырақ арасына түскен личинкалар басқа өсімдіктерге өтіп дамуын қайталайды. Сондықтан бидайды себу алдында оның тұқымдарын мұқият тазалау қажет.
Нематодамен зақымданған өсімдіктің негізгі белгісі: бидайдың сабағы өспей, жапырақтары бүрісіп қалады және көптеген бұзғыншалар (галла) пайда болады. Бүзғыншалар пішіні және үлкендігі жағынан бидайдың сау дәндеріне ұқсас, бірақ түсі қоңыр және үсті бұдыр-бұдыр болады (82-сурет). ТМД елдерінде Қырым, Кавказ, Балтық теңізі жағалауларында, Украинада және Орта Азия республикаларында кездеседі.
Картоп сабақ нематодасы - Ditylenchys destructor картоп түйнегінің паразиті. Картоп өсірілетін аудандарда кең таралған. Денесі жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1 мм-ге жуық, ұдайы қозғалып жүретін құрт. Олардың өсіп дамуы картоп түйнегінің ішінде өтеді, сондықтан түйнек біртіндеп құрғақ шірік тәрізді болып бұзылады. Әсіресе, картоп өнімін қоймада сақтау кезінде қозады, картоп түйнектерінің бәрін шірітіп жіберуі мүмкін.
Паразиттердің басқа картопқа өтуі зақымдалған картопты отырғызғаннан болады, сондай-ақ құрттар топырақ арқылы да таралады. Олар өсімдік жаңа өсіп келе жатқан кезде тамырына, кейіннен түйнектеріне өтеді.
Бұлармен күресудің басты шарты - картопты қоймаға сақтау алдында қойманы дезинфекциялап, картопты мұқият сұрыптап, 4-5°С-дан аспайтын температурада сақтау керек (нематоданың дамуының ең қолайлы температурасы 20-25°С), Картопты отырғызғанда да зақымдалмаған түйнектерді іріктеп алу және картоптың ауруға төзімді сорттарын отырғызу қажет.



  1. сурет. Бидай нематодасы (Anguina tritica): A - аналығы; Б - нематодамен зақымданған бидай өсімдігі; В - бұзғыншалар (галла); Г - зақымданбаған масақ; Д - нематодамен зақымданған масақ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет