бағаналары тарайды: құрсақ (вентральды), арқа (дорзальды), екі бүйірлі
(латеральды), арқа бағанасына таяу (субдорзальды) және құрсақ бағанасына
таяу (субвентральды). Осы алты нерв бағаналарының
екеуі - құрсақ
(вентральды) және арқа (дорзальды) - күшті дамыған (әсіресе құрсақ
бағанасы). Олар бір-бірімен денесінің бірде сол, бірде оң жағынан кезектесіп
орналасқан жіңішке жарты сақина тәрізді комиссуралар арқылы байланысып,
арқа-құрсақ тізбегін құрайды (76, Д - сурет).
Арқа бағанасы арқа-бүйір бөліктерінің бұлшықеттерін, ал құрсақ
бағанасы құрсақ-бұйір бұлшықеттерін және өңеш
пен
ішекті
иннервациялайды (нервтендіреді). Алдыңғы алты қысқа нерв бағаналары
сезім мүшелерін
және бас папиллаларын, амфидаларын, қылтаншаларын,
жарық сезгіш клеткаларын нервтендіреді.
Қалыптасқан нерв жүйесі жұмыр құрттардың личинкасының екінші
сатысында да кездеседі. Түрлі экологиялық топтарды құрайтын жұмыр
құрттардың нерв жүйесі (аздаған өзгерістерімен) толық сақталған, осының
нәтижесінде бүкіл нематодтардың филогенетикалық байланыстарының бар
екендігін дәлелдеуге болады.
Топырақта және
паразиттік тіршілік етуіне, тесу, қазу қозғалысына
байланысты нематодтардың, сезім мүшелері ете нашар дамыған. Тітіркенуді
қабылдайтын үш түрлі рецепторлары бар: тері сезу (тангорецепторлар),
химиялық заттарды сезетін (хеморецепторлар) және жарық сезетін
(фоторецепторлар). Бірінші топ - қылтаншалар, папиллалар, бурсальды
қанаттар,
екінші - амфидалар, фазмидалар, гиподермальды поралар
(саңылау), үшінші - жарық сезгіш клеткалар. Рецепторлы мүшелер дененің
бас, құйрық (каудальды) және жыныс мүшелерінің (гениталий) бөлімдерінде
шоғырланған.
Қылтаншалар мен папиллалар (кутикуланың кішкене бүршікті
төмпешіктер) ауыз тесігінің, еріннің айналасында екі-үш қатар орналасқан
(77-сурет). Бұларға нерв тамырлары тығыз жанасып жатады. Аталық
түрлерінде денесінің артқы жағында, аналь маңындағы папиллалар жақсы
дамыған. Осылар арқылы шағылыс кезінде
аналық жыныс тесігін тауып
алады.
Тіршілік етуіне байланысты, теңіз және тұщы суда еркін тіршілік
ететін түрлерінде қылтаншалар, ал сапробионт субстратында (органикалық
заттар-дын. ыдырап, шіріген жері), топырақта және паразиттік түрлерінде
папиллалар басым. Басының сыртқы және ішкі жағында орналасқан
папиллалар арқылы нематод иесінің тканіне тереңірек ене алады. Tylenchida-
лардың папиллалары редукцияға ұшыраған. Оларда поралар мен нерв
бағаналарының ұштары ғана сақталған.
Достарыңызбен бөлісу: