Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca



Pdf көрінісі
бет169/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca
Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы - протоцефалон 
құрылысты (акрон және антеннальді сегмент), жак сегменттері тұтас 
бірікпеген, науплиальді және фасеттік көздері бар қарапайым шаянтәрізділер, 
11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды 
жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына 
жеткізеді. Құрсағы 8 - сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен 
(furca) аяқталады (106-сурет).
Жүрегі ұзын, көп камералы. Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық 
түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыстары: 
Branchipus, Pristocephalus, егістік алқаптарда қар ерігеннен кейін қалатын 
уакытша су қоймаларында жиі кездеседі. Тек Artemia salina ғана дала және 
шөлейіт зоналарының ащыланған түзды су қоймалары - лиман, ащы көлдерде 
мекендейді (106-сурет). Жұмыртқалары сыртқы ортаның қолайсыз 
жағдайына төзімді келеді, сол арқылы кең таралады. Олар Каспий теңізінде, 
Еуропа, Азия және Американың теңіз суларында кездеседі. Артемияны адам 
тамақ үшін және көбінесе балықтардың (бекіре тұқымдастардың шабағына) 
жемі үшін пайдаланады.
Желбезекаяқтылардың жұмыртқалары арнайы жұмыртқа қапшығына 
түсіп, кейін суға тасталынады. Олар қолайсыз жағдайларға төзімді және су 
ағынымен аса қашық жерлерге таралады.
106-сурвт. Желбезекаяқты шаянтәрізділер: А - желбезекаяқты шаян (Branchipus stagnalis), 
аталығы; 1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - бас өсіндісі, 4 - фасеттік көзі, 5 - бауыр өсіндісі, 6 - 
максиллярлық без, 7 - кеуде аяқтары, 8 - аталық тұқым безі, 9 - айырша (furca), 10 - жүрек, 
11 - ортаңғы ішек; Б - Anemia salina; 1 - антеннула, 2 - антенна; В - көктемгі қалқанша 
шаян (Lepidurus apus) арқа жағынан; Г - кәдімгі қалқанша шаян (Triops cancriformis) 
құрсақ жағынан
Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda
Жалпы құрылысы жағынан желбезекаяқты шаяндарға ұқсас, тек бас 
сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай жауып жатқан 
жалпақ шатыр немесе қосжақтаулы берік бас қалқаншасы - карапакстың 


дамуымен ерекше. Кеуде бөлімі көп сегментті, жапырақтәрізді екі тарамды 
аяқтары тек кеудесінде дамыған, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін 
аузына қарай жылжытады. Құрсақ сегменттері редукцияға бағытталған, 
науплиус және фасеттік көздері болады.
Phyllopoda отряды үш отряд тармағына бөлінеді: қалқанды шаяндар 
Notostraca, бақалшақты жапырақаяқты шаяндар - Conchostraca және 
бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері - Cladocera.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет