Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет17/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

6-суретТалшықтылардың монотомиялық колониясы: А - Uroglenopsis amerikana, жалпы 
көрінісі; Б - сол түрі, колонияның бір бөлігі; В - сол түрі, бөлінуінің көрінісі; Г - Syncrypta 
volvox; Д - Chrysosphaerella longispina; E - Synura uvella, жалпы көрінісі; Ж - сол түрі, 
бөлінуінің көрінісі; 3 - Sphaeroeca volvox, жалпы көрінісі; И - колонияның бір клеткасы; К 
- жеке өмір сүретін жағалы талшыкты Codosiga
Палинтомия жолымен бөліну кезінде пайда болған ұсақ клеткалар 
өспей әрі қарай бөліне береді (мысалы, Volvox туысында).
Талшықтылар жынысты жолымен де көбейеді: Volvox, Polytoma, 
Pandorina, Eudorina туысындағы өкілдері. Бұларда изогамия, анизогамия 
копуляциясы кеңінен тараған.
Талшықтыларды қоректену тәсіліне қарай - автотрофты, гетеротрофты 
және миксотрофты топтарына бөледі.
Автотрофты
жолымен
қоректенетін
талшықтылардың 
цитоплазмасында жасыл түсті хроматофора органоидтары болады. Осыған 
байланысты бұлар фотосинтез жолымен қорекгенеді, яғни күн сәулесінің 
энергиясын пайдалана отырып, бейорганикалық қосылыстардан органикалық 
заттарды синтездейді, сондықтан қоректенудің бұл тәсілін голофиттік немесе 
өсімдікше қоректену деп атайды.
Гетеротрофты жолымен қоректенетін талшықтылардың хроматофора 
органоидтары
болмайды. Олар дайын органикалық заттармен, 
бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен т. б. қоректенеді. Қоректенудің 
бұл тәсілін голозойлық немесе жануарларша қоректену деп атайды. 
Паразиттік тіршілік ететін талшықтылар дайын органикалық заттарды осмос 
жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін 
сапрофиттік қоректену деп атайды.
Миксотрофты талшықтылар автотрофты және гетеротрофты жолымен 
қоректене алады. Мысалы, жасыл эвглена Euglena viridis миксотрофты 
организм күн сәулесі бар жерде жасыл эвглена хлорофилл дәндері арқылы 
нағыз жасыл өсімдіктер сияқты қоректенеді, демек көмір қышқыл газынан 
және судан органикалық заттарды синтездеп алады. Эвгленаны органикалық 
заттарға бай қараңғы жерге орналастырса, онда эвглена өзінің хлорофилл 


дәндерінің жасыл түсін жойып, дайын органикалық заттармен қоректенуге 
көшеді. Осыған орай эвгленаның денесінің алдыңғы жағында ауыз тесігі мен 
жұтқыншағы дамыған.
Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына 
бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдіктектес талшықтылар - Phytomastigina 
және
гетеротрофты
жануартектес
талшықтылар - Zoomastigina. 
Phytomastigina класс тармағына төрт отряд жатады: эвгленалар - Euglenoidea; 
хризомонадалар
-
Chrysomonadina;
сауыттылар
-
Dinoflagellata; 
фитомонадалар - Phytomonadina. Zoomastigina класс тармағына алты отряд 
жатады: жағалы талшықтылар - Choanoflagellata; тамыр талшықтылар - 
Rhizomastigina; кинетопластидалар - Kinetoplastida; көпталшықтылар - 
Polymastigina; гипермастигиналар - Hypermastigina; опалининалар - Opalinina.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет