Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Педагогиканың психологиялық бағдарлары



бет27/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Глава 1новый

Педагогиканың психологиялық бағдарлары. Педагогика мен психологияның өзара байланыс мәселесі үнемі талқыланып келеді. Тәжірибе бұл мәселенің қалай шешілетінін бұл ғылымдардың дамуы ғана емес, сонымен қатар, мысалы, адамға осы заманғы білім беру және тәрбиелеу, мектепте ЖОО-да және т.б. оқу кезеңінде жеке тұлғасын дамыту сияқты бірқатар мәселелерді шешу практикасына байланысты екенін көрсетті.
Педагогика мен психологияның өзара байланыспен жеңіл түрде түсінудің кезеңі әлдеқашан өтіп кеткен. Осы заманғы ғылымның барлық саласына тән жіктелуге және бірігуге деген беталыс педагогика мен психологияның ерекшеліктерін анықтау мәселесін алға қойды, сондай–ақ, жіктелмегендіктен біріге де алмайды, сондықтан олардың өзара байланысу жолдары мен тетіктерін іздеудің өзектілігі күшейіп отыр.
Педагогика мен психология байланысының сипатын олардың дамуының осы заманғы кезеңінде жаңартудың негізгі көзі – шешілуі үшін бір жағынан педагогтар мен психологтардың күш қосып нақтылы бірігуін екінші жағынан, әрқайсысының өз орны мен жалпы іске үлес қосу сипатын сезінуін талап еткен практикалық міндеттермен ғылыми мәселелердің мазмұнды түрде жаңару үрдісі болды. Осының нәтижесінде бүгінгі күні мақсаттары, мазмұны және іске асыру үлгісі бойынша ерекшеленетін педагогика мен психология байланысының даму үстіндегі жүйесі туралы айтуға болады.
Педагогика мен психология байланысының түрлерін іздеуде қажеттіліктердің ерекшеліктерін бағдарға алу қажет. Нәтижесінде мұндай байланыс қажеттіліктердің үш түрін бөліп алуға болады. Біріншіден, оқыту, тәрбиелеу және білім беру саласындағы психологияның қолданбалы аспектілерін дамыту педагогикалық психология пәнін белгілеуді қамтамасыз етті. Екіншіден, білім беру саласы үшін оның осы заманғы түсіндірілуіне, «Білім беру туралы» Заңға сәйкес осы заманғы мамандарды психологиялық –педагогикалық даярлауды жаңартуды іздену педагогика мен психологияның мазмұнын оқу пәні ретінде қайта қарау қажеттілігіне алып келеді. Үшіншіден, педагогикалық болмыстың оқыту, тәрбиелеу және адамға білім беру міндеттерін шешу үдерісіне қажет педагогикалық және психологиялық білімдер кешеніне қажеттілік күшейеді. Айтылғандарға байланысты өзара қатынас ретінде педагогика мен психология:
– әрқайсысы зерттеуде өз объектісі, пәні және міндеттері бар ғылымдар;
–іосы заманғы мамандарды психологиялық–педагогикалық даярлау үдерісіндегі оқу пәндері;
–іосы заманғы адамды өмірге және қызмет етуге (отбасында, балабақшада, мектепте, ЖОО-нда және т.б.) даярлауда кешенді, өз табиғаты бойынша күрделі практикалық міндеттерді шешу және бұл ретте түрлі мамандардың (психологтардың, педагогтардың, дәрігерлердің және т.б.) көмектесуі үдерісіндегі педагогикалық және психологиялық білімдер ретінде қарастыруға болады.
Байланыстың әрбір түрі үшін – қайсыбір қағидаларға сүйенетін және өз заңдарына бағынатын күрделі бірлестік ретінде өзіндік құрылым мен ерекше ұйым тән. Педагогика мен психология ғылымдары байланысының шынайы ауқымы мен перспективасын түсіну үшін, байланыстың бөліп көрсетілген түрлеріне назар аударып, олардың ерекшеліктерін ғана ашып қоймай, сонымен бірге, белгіленген үрдістерді айқындап көрейік.
Егер ғылымдардың арақатысы туралы айтатын болсақ, олардың даму тарихында ұзақ жылдар ішінде жинақталған түсініксіз құбылыстар аз емес. Психология мен педагогиканың даму негіздері ғылымдардың жіктелуі үдерісінде философиямен байланысты екендігінен бастайық. Сондықтан, әлемдегі ең белгілі ғалым-педагогтар, ең алдымен, философ және психолог болуы, психология мен педагогикадағы арақатынасты өз бетінше ашуға тырысуы бекер емес. Адамды оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту мәселелеріне И. Гербарт, А. Дистервег, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, С.И. Гессен, В.А. Сухомлинский және тағы басқалар тап осылай қарады.
Педагогика мен психологияның өзара байланысы мәселесі отандық сияқты шетелдік ғалымдардың даму тарихында күрделі түрде шешілгені мәлім. Мысалы, Д. Дьюи «Психология және әлеуметтік практика» жұмысында психологиялық теория педагог–«тұжырымдамашыларға» («концептуалистерге») психологиялық ғылым мен мұғалім–практиктардың арасындағы делдалдың ролін ғана қалдырып, педагогикалық практиканы бағыттауға және мағлұмат беруге тиіс деп жазды. Осыған ұқсас көзқарасты осы заманғы көптеген шетелдік психологтар әлі күнге ұстануда және осы арқылы педагогикалық ғылымның дербес мәртебеге деген құқығын жоққа шығаруда. Бірақ ХІХ ғ. 80-інші жылдарының ортасында-ақ Ресейде Э. Стоунстың атының өзі психология мен педагогика арасындағы бірігу үдерісін автордың мойындауын білдіретін «Психопедагогика» атты кітабының ағылшын тілінен аудармасы пайда болды. Алайда, автор психология дидактикаға және оқыту практикасына өз заңдарын «күштеп таңдады», ал педагогика психологиялық білімді дидактикалық қағидаға «айналдырды». Педагогика мен психологияның арасына деген осындай көзқарасты білдіретін жеке көзқарастарды осы заманғы жұмыстардан кездестіруге болады.
Жоғарыда айтылғандардан осы уақытқа дейін жекелеген ғалымдардың педагогиканың ғылыми негіздерін психологияға жатқызуға деген ұмтылыстың басым екендігін түюге болады. Психологияның педагогикаға қатынасының мәнін түсінудегі бұл үрдіс психологизм деген атқа ие болды (В.В. Краевский және т.б.), сондай-ақ, психологияны педагогикалық практиканы ғылыми негіздеудің аса маңызды көзі ретінде таниды. Алайда, мұндай практиканы ғылыми негіздеу үрдісі ғалым-педагогтардың өз ғылымдарының объектісі мен пәні шеңберінде іске асырылады. Бұл жағдайда педагогика өзіне іргелі жеке практикалық аспектілерді үйлестіреді. Осы ұстанымға сәйкес, педагогика психологияға қатынасында қолданбалы пән ретінде педагогикалық психология, оқыту және тәрбиелеу психологиясы, педагогикалық қызмет психологиясы, мектепте білім беру психологиясы және т.б. пәндерінің аясында дамиды.
Қатарына психология мен педагогика кіретін адам туралы ғылымдар әуел бастан таным мен даму объектісінің өзара байланыста бола отырып, түрлі тарихи кезеңде талдамалы түрде «мүшелерге жіктелуге» мен «біріктіруге» ұшырады. Бұл байланыстар түрлі нысандарда көрініп, бірде күшейсе, бірде әлсіреді:

  • өсу үстіндегі адамның дамуы және оның өмір тіршілігін ұйымдастыру тәсілдері туралы білімнің құрылымындағы ғылымдардың өзара әрекеті ретінде;

  • кешенді немесе пән аралық психологиялық-педаогикалық зерттеулерді өткізу шеңберінде;

  • адамның (балалардың, жасөспірімдердің) тұтасымен дамуы, оның білім беру жүйесі (мектеп, ЖОО және т.б.) жағдайында кәсіби және жеке дамуының практикалық проблемаларын шешуде педагогикалық және психологиялық білімдер міндеттерін біріктіру арқылы.

Педагогика мен психология дербес ғылым салалар ретінде адам жөніндегі ғылыми білімдердің қатарында тұрып, әрқайсысы өз міндетін атқарады. Психология адам психикасының оның өмір тіршілігінің түрлі жағдайларында қайсыбір факторларының әсерімен өзгеру және даму тетіктерінің заңдылықтарын ашады және түсіндіреді.
Ал педагогика болса педагогтің және оның қызметінің адамның даму үрдісіне (ең алдымен оның психикасының түрлі сатыдағы жас мөлшері, жеке тұлғалық және кәсіби дамуына) ұтымды және тиімді ықпалының заңдылықтары мен механизмдерін ашады, адамға білім беру оқыту, тәрбиелеуді ұйымдастыру және іске асыру қағидаларын өзінің кәсіби қызметі мен өзара әрекетінің негізгі саласы ретінде түсіндіреді. Педагогикалық психология үшін, ең алдымен, адамдардың психикасында қандай да бір оқыту бағдарламалары мен педагогикалық технологиялардың әсерімен қалай және қандай өзгерістер болатыны туралы мәселе маңызды болып табылады. Ал педагогика үшін зерттеудің негізгі пәні білім беру технологиясының өзі, оларды жобалау, құру және қолдану болып табылады. Оқыту технологиясының тиімділігін олардың психологиялық салдарлары мен нәтижелері бойынша бағалау педагогиканы оның педагогикалық психологиямен байланысында мүдделі етеді.
Педагогика мен психологияның пәнаралық байланысы мынадай мәселелердің қойылуы арқылы ашылады:
-психологиялық шындық және оның қасиеттері, педагогикалық шындық және оның қасиеттері;
-педагогика, педагогикалық психология, психологиялық педагогика, жеке тұлға дамуының психологиясы, кәсіби даму психологиясы, жеке тұлға дамуының педагогикасы, кәсіби даму педагогикасы;
-гуманитарлық білім жүйесіндегі психология және педагогика;
-педагогиканы «психологияландыру» және психологияны «педагогикаландырудың» жолдары мен тәсілдері;
-психология мен педагогикадағы монизм мен плюрализм;
-педагогикалық және психологиялық ұғымдарды (тәрбие, оқыту, білім, жеке тұлғалық кемелдік, жеке тұлға даму, құндылықтар жүйесі, өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағасы т.б.)
-психологиялық және педагогикалық зерттеулердің ерекшеліктері, Ресейдегі және шетелдегі психологиялық–педагогикалық бағыттылықтарды және пәнаралық зерттеулерді кешенді зерттеулер құрылымы;
-осы заманғы зерттеулерді психологиялық және педагогикалық диагностиканың арақатысы мен маңызы;
-психология, педагогика және басқа ғылымдардың бірігу үдерістерінің нәтижесі ретінде адамтану салаларының және ғылыми бағыттардың пайда болу негіздері мен көздері;
-психолгия мен педагогиканың жаңа байланыстарының резервтері, перспективалары мен көздері;
-педагогика мен психологияның жаңа байланыстарының т.б. өзара әрекетіне не көмек береді және не кедергі келтіреді.
Педагогика мен психологияның байланыс тетігінін іздеудің басқа бағдары педагог-практиктер мен практик-психологтардың кәсіби қызметінің жалпы саласы болып табылады. Осы заманғы түсіндірмесінде мұндай практика адамды мемлекеттің қоғамның және жеке тұлға мүддесінде оқыту және тәрбиелеу қызметі ретінде білім беру болып табылады. Нәтижесінде, психология, педагогика және білім беру практикасының арақатынасы аясында мынадай мәселелерді бөліп атауға болады:

  • білім беру реформасының психологиялық аспектілері;

  • мектеп және жоғары білім берудің психологиялық проблемалары;

  • педагогикалық қызметті дамытудың психологиялық заңдылықтарын қалай есепке алу;

  • өзін-өзі тану үдерісінде (педагогтің, оқушының, ата-ананың, басшылардың және т.б.) психологиялық және педагогикалық білімнің орны;

  • мұғалімнің, тәрбиешінің білім беру мекемесі басшысының, оқушының, ата-ананың және т.б. психологиялық келбеті;

  • педагогикалық үдеріс (мұғалімнің, оқушының) шығармашылық әлеуметін ашады ма;

  • педагогикалық үдерісті психологиялық қамтамасыз ету жүйесі;

  • психологиялық мазмұн – педагогикалық үдерістегі жуықтағы даму аймағы;

  • мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасы «тілінің» мәселесі;

  • психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету және білім беру үдерісін қолдану тетіктері;

  • мұғалімнің психологиялық құзыреттілігі және мәдениеті т.б.

Психологиялық және педагогикалық білімдерді біріктірудің маңызды нысаны әрбір пәннің тұжырымын қорытындылайтын теориялық ережелер, идеяларды өзара пайдалану болып табылады. Жекелей алғанда, дидактикалық зерттеулер аясында жеке тұлға дамуының психологиялық теориясына сүйенетін жаңа тұжырымдамалар мен технологиялар, сондай-ақ, бала психикасының іс жүргізу және мазмұндық аспектілердегі біртіндеп және секірмелі күрделенуі түріндегі даму қағидасы жасалынуда, «жуықтағы» және «актуалды» даму аймағындағы оқытуды ұйымдастыру жолдары мен құралдарын іздеу іске асырылуда.
Зерттеу әдістері құралдарынң базасын сабақтас ғылыми салалардан бейімделу жолымен мазмұндық жаңарту және кеңейту психологтардың да, педагогтардың да ғылыми-зерттеу қызметінің даму үдерісімен бірге жүреді. Мысалы, педагогикалық зерттеулерде педагогикалық үдеріс субъектілерінің психологиялық жай-күйіне, олардың педагогикалық экспериментті ұйымдастырудың түрлі сатыларындағы жеке дамуына диагностика әдісі белсенді қолданылады. Педагогикалық эксперимент педагогикалық зерттеудің әдісі ретіндегі өз дамуында өткізу әдісі эксперименттік психология аясында жасалған зертханалық, жергілікті немесе белгілеуші эксперименттер мүмкіндіктерімен байыды. Білім беру мекемелері жағдайында балалардың дамуы мәселелері бойынша зерттеулерде дамытушы немесе түзетуші бағдарламаларды жасауда психологтар педагогтер жасаған бағдарламалық- мақсатты әдістерді белсенді қолданады.
Психологтар мен педагогтар өзінің ғылыми ізденулерінің теориялық және эксперименттік бөліктерінде нақтылы зерттеулердің фактілері мен эмпирикалық материалдарына олардың педагогикалық немесе психологиялық ғылымның аясында орындалатындығына тәуелсіз күйде жеткілікті түрде жиі сүйенеді. Соңғы кезде психология мен педагогиканың өзара әсеркеттесуінің кешенді немесе пән аралық зерттеу сияқты нысандары барған сайын кеңінен тару үстінде. Мұндай зерттеу түрлерін ұйымдастыруда осы ғылымдардың барлық жоғарыда аталған нысандары қолданылады. Бірақ, әрбір кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеулер үшін өзіндік ғылыми білім, ғылыми қызмет тәсілдері тән. Осы сипатты зерттеулерді құруды неғұрлым ірі құрылымдық бірлік ретінде адамдар психологиясының өзгеруі объектісінің педагогикалық болмыстың шекарасын немесе өзгермелі мазмұндығы объектілеріне тәуелділігі немесе байланысы болып табылады. Мысалы, пәнаралық психологиялық-педагогикалық зерттеулердің объектісі білім беру үдерісіне қатысушылардың күйзелісті жай-күйінің осы заманғы мектеп оқушыларының оқудағы жетістіктерін немесе мектеп педагогтары қызметінің сапасын бағалау өлшемдері мен әдістемесіне тәуелділігі бола алады. Айтылған жайттарға сәйкес психологиялық-педагогикалық зерттеулердің жалпы құрылымында салааралық сипатты болуы мүмкін, бірақ өзінің пәні мен мақсаты, зерттеуші проблемалары, ұғымдық құрылысы, түсіндіруші сызбасы бойынша айрықшаланатын ағымдар туындайды және тұжырымдамалы түрде рәсімделеді.
Бұл ретте, жаңа ғылыми ағымның пайда болуы педагогика мен психологияның қандай да бір нақтылы саласымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, шетел психология ғылымында ағым ретінде пайда болған табыс психологиясы біртіндеп табыс педагогикасынан өз орнын тапты. Мектеп оқушысының табыс психологиясы, педагогтің т.б. кәсіби өсу психологиясы қарқынды даму үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет