Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет27/50
Дата26.09.2022
өлшемі1,41 Mb.
#40403
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50
16 – лекция. 1 сағат.
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның халықаралық институттарына қатысуы.
1. Қазақстанның БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы (ПРООН), БҰҰ-ның Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымымен (ЮНЕСКО), БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы (БЖКБ), БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы (ЮНИДО), Сауда және даму жөніндегі БҰҰ конференциясы (ЮНКТАД), Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ), Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы, Халықаралық теңіз ұйымымен (ХТҰ) ынтымақтастығы.
2. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымымен (ДИМҰ), БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК), Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП), БҰҰ-ның халықты орналастыру қоры (ЮНПФ), Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ-ның арнайы бағдарламасымен (СПЕКА) және т.б. байланыстары.
1965 жылы құрылған БҰҰ-ның даму бағдарламасы (ПРООН) Қазақстанмен ынтымақтастығында бізге ұлттық қарарды даярлауда және экономиканың түрлі секторындағы нарықтық реформалардың сондай-ақ қайта құрулардың мәселелері бойынша консультативтік көмек беруде жәрдем көрсетуде. ПРООН консультанттары Жекешелендірудің ұлттық бағдарламаларын, Қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын, Әйелдердің жағдайын жақсарту мен тұрақты даму жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарын, Әлеуметтік дамуға жәрдемдесу жоспарын, Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын әзірлеуде және жүзеге асыруда Өкіметке көмек көрсетуде.
Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары ішінде Бағдарлама нарықтық қайта құруларды жүргізуде, экономиканың түрлі секторлары мен біздің еліміздің аймақтарына нақты көмек көрсетуде Үкіметке қолдау жасады. Бүгінгі күні елімізде бірқатар экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асырылғандығын ескере отырып, Қазақстанның дамуының басымдық берілетін бағыттары белгіленді, қазір бірлескен күш-жігер төмендегідей анағұрлым өзекті проблемаларды шешуге жұмылдырылған:
• әлеуметтік салада - білім мен ғылым жүйесіне қолдау көрсету және жаңғырту, халықтың әлеуметтік тұрмысы нашар топтарына және жұмыссыздарға көмек көрсету;
• экономикалық салада – шағын және орта бизнестің, өңдеу өнеркәсібінің, ауыл шаруашылық, көліктік инфрақұрылымның және сауданың дамуына жәрдемдесу;
• экологиялық салада - Семей аймағы мен Арал теңізі өңірін оңалту, Каспий аймағында қоршаған ортаны қорғау.
Таяу болашақта Әлеуметтік даму бағдарламасы, Мемлекеттік басқару жүйесін нығайту және елді одан әрі демократияландыру бағдарламасы, сондай-ақ Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару бағдарламасы шеңберінде ПРООН-мен ынтымақтастықты жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім, ғылым және мәдениет жөніңдегі БҰҰ ұйымына (ЮНЕСКО) 1992 жылғы мамырда қабылданды және оның төмендегідей конвенцияларының қатысушысы болып табылады:
• Біліми, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды әкелу туралы келісім ("Флоренциялық келісім"), А-Е қосымшалары және Хаттама (1950 ж.).
"Авторлық құкық туралы дүниежүзілік конвенция, ХӨІІ бапқа жататын декларация және XI бапқа жататын қарар (1952 ж.).

  • Қарулы жанжал жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы конвенция (Гаага конвенциясы"),Атқару регламенті және Хаттама (1954 ж.).

  • Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенция (1972 ж.).

  • Біліми, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдарды әкелу туралы келісімге хаттама, А-Н қосымшалары (1976 ж.).

  • Еуропа аймағының мемлекеттерінде оқу курстарын, жоғары білім туралы дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тану туралы конвенция (1979 ж.).

  • Азия мен Тынық мұхит мемлекеттерінде оқу курстарын, жоғары білім туралы дипломдарды және ғылыми дәрежелерді тану туралы аймақтық конвенция (1983 ж.).

Еуропа аймағында жоғары білімге жататын біліктілікті
тану туралы конвенция (1997 ж.).
ЮНЕСКО Абайдың 150 жылдығын, М.Әуезовтің 100 жылдығын, Қ.Сәтпаевтың 100 жылдығын, М.Дулатидің 500 жылдығын, Түркістан қаласының 1500 жылдығын мерекелеуге белсенді түрде қатысты. Осы ұйым 10 атауды, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесін және Тамғалы шатқалының петроглифтерін қамтитын "Қазақстанның мәдени және табиғи мұралар объектілерінің алдын ала тізбесін" бекітті.
2001 жылғы тамыз айының аяғында Қазақстанға ЮНЕСКО-ның Бас директоры К.Мацуура келді, онымен Еуразия университеті жанындағы Отырар кітапханасын қалпына келтіру жөніндегі жұмысқа жәрдем көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
ЮНЕСКО күнтізбесіне Тараз қаласының 2000 жылдығы, Ғабит Мүсіреповтың 100 жылдығы, Махамбет Өтемісовтың 200 жылдығы сияқты айтулы күндер енгізілді.
Қазақстан ЮНЕСКО-ның екі аймақтық мекемесінің құрылтайшысы болып табылады, олар: Орталық Азияны зерттеудің халықаралық институты (Самарқанд қаласы) және Көшпелі өркениеттің халықаралық институты (Улан-Батор қаласы).
Қазіргі кездегі Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов (ЕҚ,14.03.2009).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет