Байланысты: «Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
Әзербайжан1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ конвенциясында бекітілген, жалпыға бірдей танылған халықаралық әдістемеге сәйкес орта сызық бойынша теңізді ұлттық секторларға толық бөлуді дәйекті түрде жақтайды. Каспий теңізінің әзербайжандық секторы осы елдің конституциясында мемлекеттік аумақ деп жарияланған. 2001 жылғы қаңтарда Баку Каспийдің бәрін де қамтитын құқықтық мәртебесін белгілеуге кезең-кезеңімен жылжуға келісті, бұл ретте бірінші кезеңде теңіздің түбі мен оның қойнауының құқықтық режимін реттеу ұсынылады. Әзербайжанның Түрікменстанмен және Иранмен келіспейтін жерлері бар, оның мәнісі осы елдер теңіздегі өзінің секторларының шектерін әртүрлі түсінеді.