Қайырлы күн құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің өткізетін «Табиғатты аялайық» атты іс-шарамызға қош келіпсіздер. Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!
Біз тәрбие сағатын еркін түрде өткізсек дейміз, әр оқушы өз ойын айтып пікір алмасуымыз қажет.
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың .Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Оқушылардан жауап
Иә ауа дедіңіздер сол ауа қазіргі кезде қаншалықты таза біз оны қаншалықты бағалаймыз?
Оқушылардан жауап
Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
Біздің өмірімізде табиғат бізбен біз табиғатпен тілекей қарым қатынаста болуымыз керек. Соған орай сіздерге мынандай тапсырма беріледі.
«Егер табиғатқа тіл бітсе» ол бізге не дер еді деп ойлайсыңдар соны айтсаңыздар.
Оқушылардан жауап
Сіздерге қазір орталарыңызға ақ беттер қойылады соған қазір табиғатта қандай проблемалар болып жатыр, біздің табиғатқа деген әсеріміз немесе сендер қалайтын табиғат қандай болу керек соны салып қорғап шықсаңыздар деймін.
5-10минуттай уакыт сосн коргауга 5 минут
Әрине біздің планетамызда қазіргі кезде ең өзекті проблемасы ол қоқыс. Біз оны қоқыс деп ойламаймых біздің қолданыстағы заттарымыз олар бізге қашанда керекті секілді дегенмен неге қазір ғаламда қоқыс проблемасы бірінші орында деп ойлайсыңдар.
Жауап сосн туйіндеме дәйек сөз. Бұл біздің қоқыс емес бұл біздің жеріміз.
Аң құстардың азаюуына байланысты бізде қызыл кітап ашылып қорықтар пайда болды. Ал сендердің қолдарыңда сол қызыл китап болса қандай жануарды сол кітапқа енгизетин единдер алдарыңа берилген стикерге жазып өткізіп өзіміздің қызыл кітабімізді құрайық.
Табиғатты аялау — әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғатты сүйе білген, оны аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады. Жасыл желекті ағаштарды, әсем гүлдерді,сайраған құстарды, жан жануарларды қорғаңдар! Жер сенің аяулы бесігің. Осы жер үстінде сен тіршіліктің есігін аштың. Бүкіл тіршілікке жер үлкен қара шаңырақ іспеттес. Сондықтан да сен өз туған жеріңді, оның табиғатын қорғай біл!
Достарыңызбен бөлісу: |