Орындағандар: Атшыбай Гүлмаржан Ноғаш Ақтоты Мұқанова Жанар Нәбиева Нұржауған Сатыбалдыева Гүлдана Тексерген: Қабылов Әділет
Лириканы оқыту
Лирика – шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезімін астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма.
Лирика көбіне өлеңмен жазылады
Оқиғадан гөрі отты сезімге құрылады
С.Мақпыров:
«Лирикалық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан саралап, жіктеуге болады. Мәселен, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мазмұндағы өлеңдерді әдетте азаматтық лирика, өмір-болмыс сырлары жайлы толғанысқа құрылған пәлсапалық лирика, ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық, әйтпесе интимдік лирика, көңіл-күй лирикасы, сондай-ақ, табиғат лирикасы деп талдау-таразылау әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар үрдіс», – деп жанр мен тақырыптың үндестігін атап көрсетеді.
Лириканы оқыту
Лириканы оқытуда баланың жасы мен жеке бас ерекшеліктерін ескеру керек. Лирика табиғатын меңгерту жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге бірте-бірте сатылап күрделеніп отырады.
Лириканы оқытқанда жанр табиғатынан аулақтап, жол қуалаушылыққа салынбау керек. Дидактикаға кең жол ашып, өлеңнің поэтикалық тұтастығын бұзбауға, әрбір жолды қарасөзбен түсіндіріп, ақылгөйлікке салыну да жөн емес.
Лирика асығыстықты, үстірт оқуды сүймейді
Оқушының әр туындыны тұшынып оқуына, түсініп меңгеруіне, іштей жинақтауына мүмкіндік жасау керек. Басты шарт – ақынның сөз өрімін, өзекті ойын тікелей ұғыну, шығарманың әсем сазы мен сөз өрнегі арқылы ой құшағына бөленуі, келістіріп оқу арқылы ынта-ықыласын соған аудару.
Лириканы оқыту
Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым-қатынасында.
Лирикалық шығармаларды 5-8 сыныптарда оқытуда мына мәселелерге көңіл бөлу керек:
ә) өлеңді үйде алдын ала оқып, танысуға беру.
а) лирика туралы әдеби-теориялық бастапқы ұғым беру, оны, біріншіден тереңдете беру.
б) өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу.
в) өлеңдегі ақынның көңіл-күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аударту.
г) тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу. Жағымды ахуал жасау.
д) қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдіс-тәсілдер пайдалану.
Лириканың жеке компоненттерін оқыту
3)Образ
1)Тақырып
4)Композиция
6)Өлең құрылысын таныту
2) Идея
5)Өлеңнің тілі
7)Ақын мәнері.
Достарыңызбен бөлісу: |