Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет4/4
Дата12.05.2022
өлшемі72,4 Kb.
#34198
1   2   3   4
Байланысты:
Көру және есту мүшелерінің функционалдық ерекшеліктері.

Бақылау сұрақтары

1.Талдағыштар деген не, оларға қандай мүшелер жатады?



Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін талдағыштар немесе анализаторлар дейді. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм жене висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
2. Көру талдағышының 3 бөліміне не жатады?

Көру талдағышы немесе көру анализаторы - жарық пен түсті ажыратуға бейімделген талдағыш. Көру талдағышы:

  • көру рецепторынан (көз алмасы),

  • өткізгіш жолдан (көру жүйкесі),

  • мидағы орталықтардан тұрады.




  1. Көздің қосымша аппараттарына нелер жатады, олардың жас ерекшеліктері қаңдай?

Қосымша құрылымдарға қас, кірпік, кірпік еттері, көз жасының безі мен оның қапшығы, көз еттері жатады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Қас, кірпік, кірпік еттері нәзік көз алмасын сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен (соққы, түрлі химиялық заттар, су, шаң-тозаң т.б.) қорғайды.

Жаңа туған нәрестенің көз алмасының салмағы 2-4 грамм-дай ғана. Бұл ересек адамның көзінің салмағынан 2 есе кем. Ересек адамның көзі 6-8 г. Алғашқы жылы көз алмасы көз шарасынан жылдамырақ өседі де баланың көзі үлкен болып көрінеді. 3 жаста көз алмасы ересек адамның көзінің 90% болады. 6 жаста ересек адамның көзімен теңеседі. Дегенмен көз шарасының алдыңғы-артқы диаметрі ересек адамның көзінің 95% ғана болады, яғни сәл жалпақтау келеді. Ересек адамның көзі дөңгелек шар пішінді.

  1. Көз өткірлігі дегеніміз не? Ол қалай анықталады. Адамның жасына байланысты ол қалай өзгереді?

Көру өткірлігі (жітілігі) – көздің бір-бірінен өте жақын қашықтықта, сол сияқты жеке-жеке орналасқан екі нүктені қабылдау қасиеті.

Екі нүктенің ең аз қашықтықта жеке-жеке көруі, тор қабықтың анатомиялық физмологиялық қасиетіне байланысты. Егер екі нүктенің бейнесі екі көршілес сауытшыларға түссе, олар қысқа сызыққа тұтасады. Егер екі нүктенің бейнесі тор қабыққа, бір қоздырылмаған сауытшымен айрылса, екі нүкте бөлек қабылданады. Сонымен, сауытшының диаметрі максималды көру жітілігінің шамасын анықтайды. Неғұрлым сауытшының диаметрі кіші болса, соғұрлым көру жітілігі жоғары болады.

Көру жітілігін анықтау үшін арнайы әр түрлі көлемді әріп, сан немесе белгілер (балалар үшін суреттер- көлік, шырша және т.б) бар кестені қолданады. Бұл белгілерді оптотиптер деп атайды.

Жас келе көру жітілігі өзгереді. Затты көру 2-3 ай кезінде пайда болады. 4 айлық балада көру жітілігі шамамен 0,1-0,3-ке жетеді. 1,0-ге тең көру жітілігі 5-15 жаста қалыптасады.




  1. Тек алыстан немесе тек жақыннан керуі қабілеттері, астигматизм.

Алғашқы рет жақыннан және алыстан көру қабілеттерінің қалыптасуы туралы гигиенист ғалым Ф. Ф. Эрисман "Влияние школы на происхождение близорукости" деген еңбегінде көру гигиенасын дұрыс сақтамауға байланысты мектептегі оқушылардың жылдан жылға жақыннан көру дәрежесі артатындығын жазған болатын. Кейіннен бүл мәліметтер толық зерттеліп көру кемшіліктерін болдырмау шаралары анықталды.

Астигматизм көз алмасының жазықтарына сәулелер бірдей тарамағандықтан балаларда пайда болатын көру кемшілігі. Ол қасаң қабықтың беті біртегіс дөңес болмаған жағдайда байқалады. Мұны жөндеу үшін тік немесе көлденең меридиана бойынша жөнделген цилиндр әйнекті пайдаланады. Себебі бұл кемшілікте аталған меридиананың бірі жарық сәулелерін күштірек сындырады.




  1. Көз өткірлігі дегеніміз не.Ол қалай анықталады. Адамның жасына байланысты ол қалай өзгереді.

Сұрақ қайталанған.


  1. Дыбыс есту талдағышының 3 бөлімін атап шығыңыз:

  • Корти мүшесі

  • өткізгіш бөліміне - дыбыс нерві

  • қыртыс бөліміне самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады.




  1. Құлақтың жалпы құрылысы мен оның баланың жасына байланысты өзгеруі.

Құлақ күрделі құрылысты мүше. Сыртқы құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ түтігінен тұрады. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын жинап, сыртқы дыбыс түтігі арқылы дабыл жарғағына жібереді. Дыбыс толқындары екі құлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орнын анықтайды.


Құлақтың жалпы құрылысы:

1 - құлак қалқаны, 2,7 — самай сүйектері, 3 - балғаша, 4 - төсше, 5 - үзеңгіше, 6 - жартылай айналмалы - каналдар, 8 - дыбыс нерві, 9 - ұлу мен корти мүшесі, 10 - эвстахи түтігі, 11 - ішкі құлақ кеңістігі, 12 - дабыл жарғағы, 13 - сыртқы құлақ түтікшесі



Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішіңде ересек адамның құлағымен теңеседі.



  1. Ішкі құлақта қандай талдағыштардың қабылдағыш бөлімдері орналасқан?

Ішкі құлақта екі талдағыштың шеткі бөлімдері орналасқан:

  • біріншісі, вестибулярлық аппарат бір-біріне перпеңдикуляр орналасқан жартылай айналмалы 3 каналдар мен олардың табалдырығынан тұрады;

  • екіншісі, ұлу сүйегі - есту мүшесі.




  1. Адам дыбысты қалай қабылдайды және оның бағытын қалай анықтайды?

Негізгі мембрана бір-біріне көлденең орналасқан, әлсіз байланысқан 24 мың дәнекер талшықтардан тұрады. Ұлу сүйегінің түп жағындағы талшықтар қысқа, ұзындығы 0,4 мм, ал жоғарғы жағында ұзындау - 0,5 мм болады. Негізгі мембранада корти мүшесі орналасқан. Ол - дыбыс қабылдаушы негізгі мүше.

Дыбыс толқындары екі құлаққа әртүрлі мерзімде жетуіне байланысты құлақ қалқандары дыбыстың бағытын, шыққан орнын анықтайды.




  1. Есту талдағышының гигиеналық талаптары қандай?

Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады. Жапырақты биік ағаштар мен бұталар сыныпқа көшеден келетін шудың мөлшерін 1,5-2 есе азайтады. Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік жолынан қашықтығы 25 метрден кем болмауы тиіс. Гигиеналық талапқа сай сынып кабинеттерінің есігі тығыз жабылса, болмеге кіретін шудың мөлшері 5-7 децибелге азаяды.

Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы парталарға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы бөлмелерін, айталық спорт залы, шеберханалар негізгі оқу бөлмелерінен бөлек әрі алыс орналастырылады. Олардың қабырғасын қалың, есігін шу шығармайтындай етіп орнату керек. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минут сайын 10-15 минутке созылатын үзіліс жасау керек.



6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді. Содан кейін 4-5-ші, 7-ші, 8-ші, 9-шы сыныптарда баланың дыбыс есту қабілетін бала дәрігері анықтап отырғаны жөн.
12.Тепе-теңдік (вестибулярлық) талдағышының 3 бөлімі жөне олардың қызметінің жас ерекшеліктері қандай?

Вестибулярлық немесе дененің кеңістіктегі орнын анықтайтын және тепе-тендік сақтайтын талдағыштың жас ерекшелігі. Адам кеңістіктегі өзінің орнын көз арқылы анықтайды. Адамның кеңістіктегі орнын арнайы құрылым - вестибулярлық талдағыш анықтайды. Сондықтан көзі көрмей қалған адам үйреніп алғаннан кейін кеңістіктегі өз орнын анықтап, дене тепе-тендігін сақтайды,

Вестибулярлық талдағыштың шеткі, яғни с е з г і ш бөліміне ішкі құлақтағы жартылай айналмалы 3 каналдар мен солардың табалдырығындағы о т о л и т жатады.

Вестибулярлык талдағыштың қызметінің жас ерекшеліктері. Адамның вестибулярлық аппараты туғаннан бастап қызмет атқарады. Жаңа туған нәрестенің жартылай айналмалы каналдары, әсіресе бүйір жақ шетіндегі каналы жақсы қалыптасқан. Ол тік және еркін орналасқан жоғарғы каналмен үлкен бұрыш жасайды. Ересек адамда бұл канал тік күйіңце қалғанымен, сәл қиғаштау орналасады. Оның артқы жағына таман орналасқан пирамиданың бетінде терең шұңқыр көрініп тұрады. Ол арқылы қан тамырлары өтеді. 3-5 жастан кейін ол ұзын өзекше пішінді болады, 8-10 жаста тар жылғашаға айналады. Жаңа туған сәбидің ұлу тәрізді сүйекшесінің күмбезі жалпақтау жөне жоғарырақ орналасқан. Оның жалпы көлемі баланың жасы үлғая келе кішірейіп, 3-5 жаста ересек адамдікіндей болады.


13. Тері сезімдерінің қандай түрлері бар және жасқа байланысты олардың сезімталдығы қалай өзгереді?

Тері сыртқы ортамен тікелей жанасады. Сондықтан сыртқы ортада жүретін өзгерістерді ең алдымен тері сезінеді, ақпаратты қабылдайды. Ол жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауыруды қабылдайды. Бұл сезімдерді тіл, мұрын, ауыздың сілемейлі қабықтары қабылдайды. Теріде ауырсыну рецепторлары көп, 1 см²-де, шамамен, 100 ауырсыну рецепторы бар.



  • Ауыру — бұл қорғаныш реакциясы, қауіппен күресуді жеделдетудің маңызды сигналы. Ауырсыну сезіміне адам үйренбейді. Ал температура өзгерістеріне жеңіл бейімделеді. Жылуды бір рецепторлар, ал суықты басқа рецепторлар қабылдайды. Мұндай рецепторлар бетте және ерінде көп орналасқан.




  • Сипап сезу — бұл тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды. Олар саусақ, тіл ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралған жүйке ұштары болып табылады. Теріге түсетін қысымға біз тез үйренеміз, сондықтан біраздан кейін киімнін тигенін сезінбей қаламыз. Көзді жұмып затты ұстағанда, біз оның пішінін, мөлшерін, бетінің сипатын, температурасын анықтай аламыз. Бұл сезім соқыр адамда өте жақсы дамыған. Осыған байланысты соқыр адам оқудың арнайы әдісін меңгереді.

Жасқа байланысты адам терісінің кезеңдері:

  • Нәресте терісі- ірімшіктей таза, майланбаған қабатпен астарланған, ол қабат пайдан, гликогеннен, тұздардан, холестириннен, иісті қышқылдардан және дәрумендерден тұрады. Бұл қабат бірнеше күннен кейін кебу әсерінен жоғалады.

  • Бала терісі- жұқа, нәзік, бездерінің белсенділіг төмен. Терінің өсуі мен дамуы жүріп жатқандықтан, егер зақымдалса, тез қалпына келеді.

  • Жасөспірімнің терісі: бұл эпидермис қалыңдап, тері бездері жетілген кез. Ағзаның интенсивті жетілуіне байланысты тері бездерінің белсендіолігі артады.

  • Ересектердің терісі- тері нағыз жетілген кез, бұл кезеңде тұлғалық жеке ерекшеліктерге байланысты бірқалыпты тері типі қалыптасады. Ол қоршаған ортадағы түрлі биологиялық, химиялық, физикалық, механикалық ықпалдарға байланысты болады.

  • Қарт адамның терісі- тері қажи бастайды, қордағы қорғаныш ықпалдары әлсірей бастайды, тері бездерінің, бағаналы жасушаның белсенділігі төмендеп, тері ылғалдылығын жоғалтады, серпімділігі мен эластикалық қасиетін жоғалтады. Әжімдер пайда бола бастайды.

14. Дәм сезгіш рецепторлардың орналасуы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?



Тамақты оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп, қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл — тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді. Тіл ұшы — тәтті нәрсеге, орталық-артқы бөлігі — ащы, алдыңғы және бүйір бөліктері тұзды нәрсеге сезімтал. Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді. Тілдің әр түрлі бөліктерінде орналасқан рецепторлардан жүйке талшықтары қозуды мидын белгілі бір бөлігіне өткізеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді. Лимон, қарбыз, құлпынай, т.б. жеген кезде, қышқыл, ащы, тәтті, тұзды дәмнен күрделі дәм үйлесімі пайда болады.

15.Иіс сезгіш рецепторлардың орналасуы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?



Адам үшін иіс маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық. газдын шығып жатқанын, ашып кеткен тамақ туралы хабар береді. Мұрын қуысының үстіңгі мұрын қалқанында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл — пішіні түйреуіш тәрізді және кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры (жиналуы). Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал. Хош иісті заттың 1 грамының 10 млн-нан бір бөлігі адамның қабылдауына жеткілікті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет