«FILA» стратегиясы Бұл сингапурлық әріптестер тәжірибесінен алынған стратегия бойынша оқушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Мәтінді оқып, танысып болған соң сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады.
FACTS – Мәліметтер Сіз не білесіз?
IDEAS – Идеялар Сіз не ойлайсыз?
LEARNINGISSUES – зерттеуді талап ететін сұрақтар
ACTION PLAN – шешімдер жоспары Сізге білу үшін не істеу керек?
Мәліметтер. Проблеманың толық сюжеті. Проблеманың мұқият зерттелуі.
Болған ситуация жайлы өз пікірлерін білдіру. Осы ситуацияның туындауы мүмкін себептерді айқындау. Гипотеза (болжау).
Зерттеуді қажет ететін және проблеманың шешілуіне көмектесетін сұрақтар қою. Мысалы: Қалай? Қандай жағдайда?
Жоспар құру.
«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар» стратегиясы Оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды. Оқып болған соң мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
“Жіңішке” сұраққа қарапайым сұрақтар жатады: Кім? Не? Қашан? Дұрыс па? Қайда?, т.с.с.
“Жуан” сұрақтарға салыстыруды, талдауды, жинақтауды, бағалауды қажет ететін сұрақтар жатады: Түсіндір, неге олай деп ойлайсың? Айырмашылығы неде? Неге ұқсас келеді?, т.с.с.
Сұрақтарды кестеге рәсімдеуге болады. Бұл әдіс оқушыларға сұрақтарды сауатты қоюға және сұрақтардың күрделілік деңгейін түсінуге үйретеді.
«Ақылды үкілер» стратегиясы Оқушыларға материалмен өз бетінше танысу ұсынылады. Мәтін бойынша жұмыс жеке, жұптық немесе топтық түрде ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір оқушыға (немесе топқа) мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты сұрақтары мен тапсырмалары бар жұмыс парағы ұсынылады. Мәтінді өңдеудің түрлі амалдары «Ақылды үкілер» педагогикалық техникасы деп аталады.
Мәтінмен жұмыстың бастапқы қадамдары. Мәтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретпен жазыңыз.
Күтілмеген ақпарат. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.
Соңғы жаңалық. Сіз үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазыңыз.
Ең негізгі өмірлік даналық. Бір сөйлеммен мәтіннің (мәтін тарауларының) негізгі ойын келтіріңіз. Екінші нұсқасы: әрбір тараудың қай сөйлемі негізгі болып табылады, қай сөйлемдер түйінді болып табылады?
Белгілі және белгісіз. Мәтіннен сізге бұрыннан белгілі және бұрын белгілі болмаған ақпаратты табыңыз.
Иллюстративті бейнелеу. Мәтіннің негізгі ойын сурет, схема, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.
Мағыналы қорытынды. Оқығаннан алдағы өмірде және қызметте пайдалы болатын қорытынды жасауға болады ма?
Талқылау үшін маңызды тақырыптар. Мәтіннен ерекше көңіл бөлуге және сыныпта талқылауға тұрарлық тұжырымдарды табыңыз. Әрі қарай жұмыс нәтижелерін талқылау ұйымдастырылады. Мұнда келесі қадамдарды белгілеуге болады: қосымша ақпарат іздеу, жеке оқушылар немесе топтар үшін үй тапсырмалары, шешілмеген проблемаларды анықтау, жұмыстың кейінгі кезеңдерін белгілеу.