Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет9/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Бірінші  сынып  оқушысының ерекшелігі. Алғаш  мектеп  табалдырығын

аттап,  бірінші  сыныпқа қабылдану – бала өміріне  күрт өзгеріс әкелетін  кезең.

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  тән  бейқамдылық пен  ойынға  шектеу

қойылып,  жаңа  талаптар  мен  міндеттер  жүктеледі:  ендігі  уақытта  бала

күнделікті ұйқысынан  ерте  тұрып,  мектепке  бару,  күн  тәртібіне,  мектеп

өмірінің нормалары  мен  ережелеріне  бағыну,  мұғалімнің талабын  орындау,




13

сабақта  оқу  материалдарымен  жұмыс  істеу,  бар  күш-жігерін  салып  еңбек  ету,

үй  тапсырмасын  тиянақты  орындау,  т.с.с.  толып  жатқан  талаптарға  бағынуы

тиіс.


Осы кезеңде 1-сыныпқа келген баланың дүниетанымы күннен күнге артып,

ойлау қабілетінің мүмкіндігі  ашыла  түседі,  эмоционалдық сезімдері  (қуану,

ренжу және т.б.), қарым-қатынас шеңбері өзгереді. Бала мектеп табалдырығын

аттай  отырып,  білім  алу қажеттілігін  сезіне  бастайды  және  білімге  деген

құштарлығы оянады.

Бала өзінің жаңа  жағдайын  жете  түсіне  алмағанымен,  оны  сезеді: үлкен

болғанына қуанады,  оған өзінің  «жаңа  жағдайы» ұнайды.  Бала өзінің  «жаңа

әлеуметтік статусқа», яғни «оқушының ішкі позициясы» – «Мен – оқушымын»

мәртебесіне көтерілгенін, есейгенін сезінеді (Л.И. Божович).

1-сынып  оқушысы үшін  «оқушының ішкі  позициясы»  болуының мәні өте

зор.  Соның  өзі кішкентай  оқушыға  мектеп өмірінің  қиындығын  жеңуге,  жаңа

міндеттерді орындауға көмектеседі.

Сол  себепті  де  кез  келген ата-ана 1-сынып  оқушысы  атанған  баласының

«ішкі позициясын» қолдаудың маңызын түсіне және қолдай білуі тиіс. Олар өз

балаларының мектеп өміріне үйренісіп  кетуіне  ықпал  етіп,  сабақтағы  табысы

мен  сәтсіздігіне  шын  көңілімен,  шыдамдылықпен  төзе  біліп,  ыждағаттылығы

мен  ынтасын  міндетті  түрде  мадақтап,  эмоционалдық тұрғыдан  көмек  беріп

отырса,  соның  өзі  баланың білімнің маңыздылығын  сезінуіне, өзін-өзі

бағалауына және өзіне сенімділікпен қарауына көмектеседі.

Екінші  сынып оқушысының ерекшелігі. Оқушы  2-сыныпқа  «көп  білетін»

бала  ретінде  келеді.  Ол үшін өз құрдастарымен,  сондай-ақ  үлкен  адамдармен

жаңа қарым-қатынас  орнату  кезеңі  аяқталады.  Бұл  уақытта  бала  жүйелі  оқуға

бейімделеді,  оқу,  жазу,  санау  біліктіліктері  мен  дағдылары қалыптасады,  күн

тәртібіне  төселіп,  мектептің ережелерін  орындауға  машықтанады.  Енді

кішкентай оқушы келесі сыныптарда өзін не күтіп тұрғанын біледі.

Бастауыш  мектеп  жасындағы  бала үшін өзін-өзі  бағалауы  басты  рөл

атқарады. Өзін-өзі  бағалауда  2-сынып  оқушылары  мен  1-сынып  оқушылары

арасында  елеулі  айырмашылық бар.  1-сынып  оқушылары өзін-өзі  жоғары

деңгейде  бағалайды.  2-сынып  оқушыларының көпшілігінде  оқу  іс-әрекетіне

деген өзіндік  бағалауы  күрт  төмендеп  кетеді.  Ал  3-сыныпта өзін-өзі  бағалау

деңгейі қайтадан көтеріледі. Бұл құбылыс «екінші сынып феномені» деген атау

алған.

2-сынып  оқушыларында өзіндік  бағалаудың төмендеуі өзіне  сын  көзбен



қарауының және өзінің оқудағы  сапалық нәтижесін  бағдарлау  мүмкіндігінің

өсуімен  байланысты.  Бірақ  өзінің еңбек  нәтижесін  бағалау  мүмкіндігі әлі  де

болса шектеулі. Осыдан келіп өзіне деген сенімсіздігі, өзін-өзі төмен бағалауы

пайда болады.



Үшінші сынып оқушысының ерекшелігі.Кіші жастағы мектеп оқушысының

өмірінде 3-сынып өзгеріс әкелетін кезең болып табылады. Көптеген мұғалімдер

«Үшінші  сыныптан  бастап  оқушылар  оқуға  саналы  түрде қарай  бастайды,

сонымен қатар  білімге  деген қызығушылығы  жоғары  болады»  деген  пікірде

болады.  Мұның барлығы  осы  кезеңде  баланың жалпы  және  интеллектуалдық



14

дамуында  орын  алатын  жаңа  түзілімдермен  байланысты.  Педагогикалық-

психологиялық

зерттеулер  екінші  және

үшінші  сынып  оқушыларының

интеллектуалдық дамуында осындай күрт өзгерістер болатынын көрсетіп отыр.

Оқытудың осы  кезеңінде  ойлау қабілетінің  қалыптасуы  және  оқу  материалын

белсенді  меңгеруі,  вербалды  ақыл-ойдың дамуы,  яғни  түсініктерге  сүйене

отырып ойлау мүмкіндігі жүзеге асырылады.

Ойлаудың жаңа  мүмкіндіктері  басқа  да  танымдық  үдерістерді: қабылдау,

зейін,  жадыны  одан әрі  дамыту үшін  негіз  болады.  Белгілі  психолог  Д.Б.

Эльконин  кіші  жастағы  оқушылардың даму  ерекшеліктері  туралы  былай  деп

жазған: «Память  в  этом  возрасте  становится  мыслящей,  а  восприятие –

думающим». Балада өзінің психикалық  үдерістерін өзі  ерікті  түрде  басқару

қабілеті  де  белсенді  бола  бастайды,  ол  зейінін,  жадын,  назарын  ерікті  түрде

бағындыра білуге үйренеді.

3-сынып  оқушыларының интеллектуалдық дамуындағы  осы  түзілімдерді

шығармашылық, дамытушылық жұмыстарда  белсенді қолдану  оң нәтижелер

беретінін ұстаздар естерінде ұстағаны дұрыс.

Төртінші  сынып

оқушысының

ерекшелігі.

Оқудың


төртінші  жылы

бастауыш сыныптың оқушысы үшін мектеп өміріндегі бірінші кезең аяқталады.

4-сынып оқушылары – бұл бастауыш  мектептің түлектері. Бұл – баланың төрт

жыл  бойы

қол

жеткізген  білім,  білік,  дағдыларының  қорытындысын



шығаратын,  психикалық, физиологиялық дамуының деңгейін  анықтайтын

жауапты  кезең. Сондықтан  да  бұған  ата-аналар  мен  мұғалімдер,  ең алдымен,

4-сынып бітіруші бала келесі деңгейге көшкенде күрделі сабақтарды алып кете

ала ма, жоқ па, қажетті білім, білік, дағдылар жиынтығымен қаруланды ма және

оларды әрі қарайғы өмірінде қолдана ала ма, т.с.с. мәселелерге назар аударып,

жыл  бойы қадағалап, үлкен  дайындықпен,  жауапкершілікпен  келуі  тиіс.  Ол

үшін әр  баланың  өзіндік  ерекшеліктері  мен  мүмкіншіліктері, қабілеттері  мен

дүниеге өзіндік көзқарастары, яғни әркімнің тек өзіне ғана тән дара ерекшелігі

немесе өзіндік мәнері (стилі) болатынын да естен шығармаған жөн.

Көп  жылғы  зерттеулер  көрсеткендей,  4-сыныпты  аяқтаған  оқушылардың

көпшілігінде  оқу әрекетін  орындаудағы өзіндік  жеке  стилі қалыптасады.  Бұл

бала үй  жұмысына  дайындалған  кезде  немесе  сабақ  үстінде,  т.б.  жағдайларда

байқалады. Мысалы, бір бала сабаққа дайындау жұмысын мектептен келісімен

бастаса,  ал  басқа  бала  демалғанды  (әртүрлі ұзақтықтағы) қажет  етеді.  Біреу

жұмысқа  тез әрі  жеңіл  кіріссе,  екіншілері  дайындық кезеңді  керек  етеді.  Бір

бала үй  жұмысын  орындауды  күрделі  оқу  пәндерінен  бастаса,  ал  басқа  бала

жеңіл  пәндерден  бастайды.  Сондай-ақ материалдарды  графикалық бейнелерге

(суреттер,  кестелер  және  т.б.)  сүйене  отырып  меңгеретін  немесе,  керісінше,

ауызша  түсіндіруді қажет  ететін  балалар  да  бар.  Оқу  жұмысын  орындаудың

жалпы  айырмашылығы  балалардың

жеке-типологиялық

ерекшеліктеріне,

олардың жұмыс  істеу қабілеттеріне,  танымдық даму өзгешелігіне,  ақпаратты

қабылдауына  және  оны

қайта

өңдеуіне,



әртүрлі  оқу  пәндеріне  деген

қызығушылықтың бірдей еместігіне және т.б. байланысты.

Оқу  жұмысының жеке  стилі  оқу  тапсырмаларын  орындаудың жалпы

тәсілінде ғана  емес,  оқушылардың  әртүрлі  оқу  білігі  мен  дағдысын қолдануда




15

да  көрініс  табады.  Оқу  жұмысының нәтижелі  тәсілдерін  меңгеру  оқушыда оқу



біліктілігі қалыптасқандығын  білдіреді:  яғни  ол ұсынылып  отырған  білімді

сапалы  игеруге қабілетті  және қажет  болған  жағдайда өздігінен  меңгеруге

дайын.

Бастауыш мектепті тәмамдаған оқушының келесі сыныптарда, яғни негізгі



орта білім беру деңгейінде оқуын жалғастыру барысында жоғары жетістіктерге

жетуі үшін  жалпы қандай  білік-дағдылар қалыптасуы  тиіс?  Мысал  ретінде

солардың ішінен кейбіреулерін атап көрсетейік:

– мұғалімді тыңдау;

– мәлімдемеден басты ойды бөлу;

– мәтін мазмұнын байланыстырып айтып беру;

– мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;

– мәтінге сұрақтар қою;

– алған ақпараттар негізінде қорытынды жасау;

– өз ойын жазбаша білдіру;

– қосымша  ақпараттар  көздерін қолдану,  анықтамалық  әдебиеттерді

пайдалану (сөздіктер, энциклопедиялар және т.б.);

– өз жұмысының нәтижесін дәл бағалау.

Осы  білік-дағдылардың көпшілігі  ойлау қабілеттеріне  сүйенеді:  заттың,

құбылыстың, т.б. жалпы және дара сипатын салыстыру және таба білу; бастыны

айырып  көрсету,  маңыздыны  болмашыдан  айыру,  логикалық  қорытынды  мен

тұжырымдама жасай алу біліктері, т.с.с.

4-сыныптың көптеген  оқушыларында  оқуға  деген қызығушылықтың

дифференциациясы  байқалып,  оқу  пәндеріне  деген әртүрлі  көзқарас  пайда

болады.



16



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет