Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері



бет11/13
Дата22.02.2023
өлшемі458 Kb.
#69920
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ата-аналар жиналысы. Бірлескен әрекеттерді, педагогикалық көзқарастарды келісу, проблемалар туралы бірін бірі хабардар ету, қол жеткізген нәтижелерді талдау.
Педагогикалық практикум. Шынайы тәрбие жағдаяттары арқылы ата-аналар мен педагогтардың тәжірибелерін пайымдау, тәрбие әрекетіндегі олардың білім, біліктерін келісу.
Отбасыларына бару. «Отбасы» рейдін ұйымдастыру. Баланы және ата-ананы отбасы жағдайында зерттеу, отбасы ахуалымен танысу. Қажет болған жағдайда құзыретті мекемелерге ақпарат жеткізу (ата-аналар комитетіне, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесіне, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясына, немесе инспекциясына).
Психологиялық-педагогикалық кеңестер. Отбасыларға проблемалық жағдаяттан шығар жол іздеуде көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық мәдениетін көтеру, жауапкершілігін арттыру және оның әлемді шығармашылықпен меңгеруге даярлығын қалыптастыру.
«Сенім телефоны» қызметі. Телефон арқылы шұғыл, кәсіби, құпия көмек. Абоненттерге дағдарыс жағдайынан шығуы үшін шығармашылық, тұлғалық, рухани және дене бітімі жағынан дамытудағы көмек.
Психологиялық-педагогикалық консилиум. Бала дамуы, оның мінез-құлқын түзету проблемаларын шешу бағдарламасын әзірлеуде ұсыныстар, көзқарастар мен іс-әрекеттерді келісу мақсатында бала тұлғасының ерекшеліктерін бірлесе отырып талқылау.
Баспасөз конференциясы. «Сұрақ-жауап» түріндегі қатынас, ата-аналар және педагогтардың психологпен, әлеуметтік педагогпен, құқық қорғау және әділет органдары өкілдерімен кездесуі.
Дөңгелек үстел. Өзара түсіністікке, бір немесе бірнеше проблема бойынша педагогикалық келісімге қол жеткізу (қатынастың дискуссиялық түрі).
Тәжірибе алмасу. Нақты тәрбие мәселесін талқылау.
Клубтың отырысы. Психологиялық-педагогикалық ағарту, ата-аналардың демалысын ұйымдастыру.
Педагогикалық ринг. Педагогтар мен ата-аналардың зияткерлік, педагогикалық шеберлігі мен білігін көтеру.
Ата-аналар лекторийлері. Ата-аналардың психологиялық- педагогикалық, функционалдық, құқықтық және т.б. сауатын көтеру.
Ата-аналар хабаршысы. Мектеп оқушыларының даму, оқу, отбасы тәрбиесі мәселелерін баяндау.
Ашық есік күні. Танысу, тәжірибе алмасу, ата-аналарды мектептегі оқу- тәрбие процесіне қатыстыру.
Кіші педагогикалық кеңес. Мектептің өзекті мәселелерін шешу ісіне ата-аналар жұртшылығын тарту.
Ата-аналар комитеті. Ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие, мәдени-көпшілік және шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру проблемасын шешуге қатыстыру.
Мектеп кеңесі. Жұртшылықтың, ата-ана, педагогтік және білім алушылар ұжымдарының мектепті басқару, мектептің тиімді жұмыс жасауы мен дамуы үшін қажет көмек көрсету, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде мемлекет және қоғам қойған маңызды талаптарды жүзеге асыру ісіне қатысуы.
Бірлескен мәдени-көпшілік шаралар. Бірлескен мәдени демалыс ұйымдастыру, саяхат–ойын, мектептік туристік слет және т.б. өткізу.
Ата-аналар конференциясымен толық оқу жылына сайланған білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі, ата-аналар комитеті және әкелер кеңесімен өзара іс-әрекет жұмыстың ерекше де басты түрі болып табылады [19].
Ата-аналар активі – бұл педагогтардың тірегі, өзара дұрыс іс-әрекетте олардың ойының жолбасшысы болады.
Жұмыстың топтық түрінен біз ең тиімдісі деп ата-аналар жиналысын атай аламыз. Әр ата-аналар жиналысы мұқият дайындалады, ол қызықты да, ата-аналардың белсенді қатысуы жағдайында өтуі үшін арнайы «сценарий» әзірленеді.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің жоғарыда аталған түрлері:

  • педагогтарға, оқушылар мен ата-аналарға бірін бірі жақсы білуіне;

– отбасылардың бала тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін анықтауға;

  • педагогтық ұжым мен ата-аналардың өзара іс-әрекетінің міндеттерін анықтауға;

  • ата-аналардың педагогикалық көзқарастарын түзуге;

  • ата-аналардың педагогикалық оқытуын ұйымдастыруға;

  • оқушылардың ата-аналарын оқыту-тәрбиелеу процесіне қатыстыруға;

  • мектептегі өзін-өзі басқару органдарының жұмысына оқушылардың ата-аналарын қатыстыруға;

  • оқушылардың сапалы білімін қамтамасыз етуде, балалардың саналы түрде кәсіп таңдауында кәсіби мүддемен даярлығын дамытуда, адамгершілік және мәдени мінез-құлқын, салауатты өмір салты қажеттілігін тәрбиелеуде, мектеп оқушыларын отбасылық өмірге дайындауда педагогтар мен ата- аналардың бірдей көзқарасын қалыптастыруда;

  • оқушыларды тәрбиелеу процесінде, біртұтас педагогикалық көзқарас негізінде мектеп және отбасының өзара іс-әрекетін ұйымдастыруда педагогтар мен ата-аналардың шынайы ынтымақтастығын құруға көмектеседі.

Еліміздің көптеген мектептерінде тәрбиенің әлеуметтік институты ретінде отбасымен өзара әрекеттесудің формалары және әдістерінің жүйесі қалыптасқан. Тақырыптық ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің мәжілістері, ата-аналар университеттері, ата-аналармен мақсатты кездесулер, «Сенім телефоны» қызметінің жұмысы, ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық кеңестер олардың психологиялық-педагогикалық, функционалдық және құқықтық сауаттылығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет