Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері



бет7/13
Дата22.02.2023
өлшемі458 Kb.
#69920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Сингапур елі білім жүйесі әлем бойынша ең үздіктердің бірі болғандықтан, білім беру саласындағы сарапшылардың назарын өзіне ерекше аударып отыр.
Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында 1979 жылы жаңа білім беру жүйесі қабылданды. Ол бастауыш және орта мектепте балалардың білім баспалдағы бойынша өз қабілеттеріне сәйкес жылжуына мүмкіндік беретін, сатылы оқытуды қарастырды. Оны енгізудің басты мақсаты – әр балаға орта мектепті бітірте отыра, одан әрі қарай кәсіптік оқуы мен жұмысқа орналасуы үшін базалық білім алуына мүмкіндік беру.
Сингапурдағы білім беру жүйесі заманауи кезеңінің негізгі мақсаты – әр адамды өмір бойы оқуға, жаңа білім және дағдылар алуға, технологияларды меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға, тәуекел ету және өзіне жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін ынталандыру ортасын құру болып табылады. Кезеңнің мәнін қысқаша мектептегі білім беру кезеңнің әрқайсысында баланың қабілеттерін және дарынын анықтау мен дамытудың институционалдық механизмдерін жасау ретінде сипаттауға болады. Түрлі білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал ету үшін үкімет Edusave ынталандыру гранттық жүйесін әзірледі, ол оқушыларға оқуға, соның ішінде қосымша білім мен шетелге іс-сапарына байланысты барлық шығынды өтеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын мектепке жібере отыра, оларды туған мәдениетіне менсінбей қарауға тәрбиелемейтініне және ана тілін оқитынына сенімді болуы тиіс.
Сингапурдың білім беру жүйесіндегі басты жетістіктер ретінде келесі фактілерді атауға болады: Сингапур – функционалдық сауаттылық деңгейі әлем бойынша ең жоғарылардың бірі (Progress in International Reading Literacy Study); сингапурлық мектеп оқушылары математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша салыстырмалы халықаралық тесттерде (TIMSS) үздік нәтиже көрсетіп отыр; 2008-2009 жылдары сингапурлық білім жүйесі әлем бойынша ең тиімді деп аталды (McKinsey); Сингапурдың білім жүйесі ғаламдық экономика талаптарына барынша жақсы бейімделген (IMD World Competitiveness Yearbook 2007). 1997 жылдан бастап сингапурлық білім жүйесі білімге негізделген, ғаламдық экономика үшін жұмысшы күшін дайындауға бағытталған дамудың жаңа сатысына көтерілді. Білім беру жүйесінде келесі реформалар өтті:

  • Екі сатылы бастауыш білім енгізілді: 4 жыл – негізгі бастауыш, қосымша 2 жыл – бағдарлы оқыту;

  • Бастауыш мектепті бітіру емтихандар жүйесі өзгерді. Олардың қорытындылары бойынша оқушыларға орта мектептегі таңдау бойынша ұсыныстар беріледі;

  • Орта мектеп кезеңінде және оны бітіргеннен кейін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері пайда болды. Техникалық білім беру институтының негізі қаланды.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы – бұл мектеп оқушыларының оқу әрекетінде және одан тыс жағдайда тиімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, басты құзыреттілікті меңгеру деңгейін көрсететін белгілі бір дәрежедегі білімділік деңгейі [16].
Америкалық мектепте функционалдық сауаттылыққа оқытуда оқушы ерте балалық шақтан бастап сөйлемнің ғана емес, тұтас шығарманың құрылымын меңгереді. Кез-келген пән бойынша орта мектептегі шығарма (essay) тек кіріспе, талқылау және қорытындыдан ғана тұрмайды. Ондағы әр сөйлемнің орны, арналуы және көлемі бірнеше рет практикалық қайталаудан соң айқындалады және бекітіледі. Жоғары мектепте шығармашылық жазу сабағында (осындай таңдау пәні бар) балалар күніне бір беттен еркін мәтіндер немесе апта сайын бір әңгіме жазады.
SAT – бұл «сын тұрғысынан оқу» (critical reading), оқушылардың мәтінді талдау, көбінесе түрлі авторлардың ұқсас тақырыпқа жазған екі мәтінін салыстыру қабілеттерінен тұрады; жазу (writing) – ойды жеткізудің тиімді құралдарын таңдау білігі, жеке алғанда, 25 минут аралығында кіріспе және қорытындымен бірге бес параграфқа шығарма жазу; математика негіздері. Төрт мүмкін нұсқадан таңдалған бір тапсырмадан бөлек, SAT-та еркін формадағы жауапты талап ететін тапсырмалар да бар, ал тапсырмалардың күрделілігі әр түрлі. Ол 3 сағат 45 минутқа созылады, және уақыт үнемі жеткілікті бола бермейді.
Мектепте шығатын журналдардың беттерінде оқушылардың үй тапсырмаларынан берілген әдеби шығармалары және суреттері басылады. Мектеп кітапханасы бірнеше ғылыми басылымды қосқанда, 140 журнал жазғызып алады. Холлдар мен дәліздерде мектеп оқушылары еңбектерінің көрмесі бірін бірі алмастырады, мектеп оркестрлерінің концерттері, басқа қалашықтармен өткізілетін спорттық сайыстар көпшілікке танымал, бірақ жылдың ең басты оқиғасы – мюзикл қойылымына мектептегілердің барлығы дерлік жиналады, тіпті мұғалімдер мен оқушылар арасында өтетін баскетбол матчы да осынша көрермен жинамайды [13].
Америка Құрама Штаттарының әрбір ірі мектебінде ата-аналар мен ұстаздар қауымдастығының жалпыхалықтық филиалының жұмысы назар аударарлық. Ата-аналар – мектеп реформаларының белсенді қатысушылары. Кей мектептерде ата-аналар комитетінің пікірі оқу процесін ұйымдастыруда, тіпті бағдарламалар мен әдістерді таңдауда басым рөл атқарады [17].
Шетелдердің тәжірибесі көрсеткендей, бүгінгі таңда тұлға, отбасы, білім беру мекемесі мен қоғамның іс-әрекеті – ғаламдық, жалпыәлемдік проблема болып отыр. Отбасы рөлінің төмендеуі және кей жағдайларда оның өз қызметін орындауының объективті түрде мүмкін болмауы – даусыз мәселе. Қазіргі отбасы бала дамуы мен тәрбиесі бойынша барлық салмақты өзіне алуға даяр емес. Қалыптасқан дәстүр бойынша, педагог отбасы тәрбиесіне жетекшілік, басшылық жасауы, өз тәрбиеленушісіне және оның ата-анасына қоғам атынан талап қоюы тиіс болды [15].
Бүгінгі ахуал педагог алдына көрсетілген көзқарастарды қайта қарау қажеттілігін қойып отыр. Педагогтар, тәрбиешілер мен ата-аналар баланың әлеуметтену процесінің біртұтас аясында серіктестер ретінде қарастырылуы тиіс.
Отбасы саласындағы мемлекеттік саясат тікелей отбасымен жұмыс жасайтын мамандарға сүйенуі қажет, қазіргі таңда оларға деген қажеттілік өте жоғары. Сол себепті, әр тәрбиеші, педагог өзінде бар кәсіби білімі мен педагогикалық тәжірибесіне сәйкес ата-анаға баланың дамуы мен тәрбиесіне, олардың әлеуметтік-мәдени бейімделуіне көмек көрсетуге міндетті. Бұл педагогтың отбасымен тиімді ынтымақтасуына дайындалу сапасын көтеруді талап етеді.
Отбасы мен білім беру мекемесінің серіктестік пен өзара көмек тұрғысынан басымдық бағыттардағы баланың әлеуметтену процесінде тиімді ынтымақтасуына көңіл бөлу маңызды. Отбасы мен отбасылық тәрбие моделінің әлеуметтік-психологиялық диагностикасы қажет.
Отбасы проблемасының, оның әлеуметтік-мәдени рөлінің пилоттық талдауы бұл институт әлеуметтік құндылық болып есептелінетінін көрсетті, ол бала дамуы, оның өздік өмірге, кәсіби бағдарлануға дайындалуы үшін жағдай тудыруы керек. Мысалы, отбасы және мектептің өзара іс-әрекетінде әлемнің көптеген елдерінің білім беру мекемелерінде құрамына ата-аналар кіретін ата-аналар комитеті немесе мектеп кеңестері бар. Бірақ бұл органдардың құрамында негізінен, тұрмысы жақсы оқушылардың ата-аналары болады. Қиын балалардың ата-аналары мектеппен тұрақты байланыс жасамайды.
Шет мемлекеттер оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі түрлі бағыттарда жүзеге асырылады:
– ата-ананың педагогикалық мәдениетін (педагогикалық жалпыға міндетті оқу, ата-аналар үшін лекторийлер, педагогикалық оқулар және т.б.) көтеру есебінен бала тәрбиесін оңтайландыру;
– ата-аналарды ішінара оқу-тәрбие процесіне (мектептің және сыныптың ата-аналар комитеті) қатынастыру;

  • өзара іс-әрекетке қатысушылардың ерекше мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар (демалысты ұйымдастыру, кәсіптік бағдарлық кеңестер, факультативтік сабақтар, спорттық туристік-өлкетанулық қызметтер және т.б. ) жасалғандағы өзара серіктестік іс-әрекет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет