Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері



бет8/13
Дата22.02.2023
өлшемі458 Kb.
#69920
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ресей Федерациясында бала тәрбиесінде отбасы белсенділігі артуда. Ата-аналар балаларымен мектептегі табысты оқуына қажет біліктерді меңгеру даярлығын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлерімен көбірек айналыса бастады. Олар мектеп таңдау ісіне зор жауапкершілікпен қарауда, балаларының бастауыш сыныптардағы оқуына қолдау көрсету ісіне көп көңіл бөлуде. Негізгі мектеп сатысында балаларының біліміне деген ата-аналар мүддесінің төмендеуі заңды да, есесіне, мектептің жоғары сатысында отбасылардың қосымша білім қызметі мен репетитор қызметін төлеуге даярлығы артқаны байқалады. Отбасыларында кітап, журналдар, компьютерлердің болуымен жағдай жақсарды. Тәрбиелеу және білім беру міндетіне бағытталған әртүрлі ата-аналар клубтары мен қауымдастықтары дамуда.
Жапон қоғамында отбасы және мектептің өзіндік ерекше педагогикалық қызметі бар: отбасы тәрбие ұясы, ал мұғалімдер – басты білім тасымалдаушы деп саналады. Жапон ғалымдары отбасы – тұлғаның өзін-өзі тануының, әлеуметтенуінің, адамгершілігі қалыптасуының басты көзі деп есептейді. Бұл көзқарасты көптеген ата-аналар да қостайды. Жаппай сұрау кезінде ата-аналардың 64% бала тәрбиесінде басты рөл атқаратынын айтса, респонденттердің қалған бөлігі бала тәрбиесі толығымен ата-ананың ісі деп санайтынын білдірген. Жапонияда отбасы мен мектептің тәрбиелік қызметі нығая түскен, әсіресе мектептің рөлі барынша мәндірек бола түсуде. Осы пікірді сұралған ата-аналардың 75% қолдаған. Отбасының тәрбиелеу-білім беру қызметінің төмендеу себебін көрсете отыра ата-аналар бала тәрбиесіне мүдделі болмауы мен отбасылық міндеттерді репетиторға аудара салу үрдісі туралы айтқан. Алайда, жапон мектебінде оқшаулану дәстүрі сақталуда. Ата-аналар үшін оқу процесі (бағдарламалар, оқытудың әдістері мен тәсілдері) тыйым салу аумағы болып қала береді.
Францияда жалпы білім беретін оқу мекемелері ата-аналарының 3 жалпыхалықтық бірлестігі бар: екеуі – қоғамдық және біреуі – жекеменшік білім беру саласында. Қоғамдық мектеп оқушыларының ата-аналар федерациясы саны жағынан ең көп және белсенді болып табылады. Ата-аналар бірлестігінің мүшелері түрлі білім беру құрылымына: мектептік және сыныптық кеңестерге, стипендиялық комиссияларға т.б. кіреді. Кейбір мектептерде ата-аналар балалар үйірмелеріне, клубтарға жетекшілік етеді, кітапхананы меңгереді, шет тілдерінен факультативтік сабақтар, спорттық үйірмелер жүргізеді, оқу саяхаттарын және т.б. ұйымдастырады [13].
Жалпы, Еуропа елдері өз мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын – мектепте алған білімді өмірде қолдану, жанрлары жағынан түрлі мәтіндерден ерекше ақпаратты табу және оған өз көзқарасын тұжырымдау білігін – жоғары бағалайтынын айта кетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет