Информатика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын үш негізгі міндеттерді шешу арқылы қалыптастыру мүмкіндігі бар:
1. Оқушының әлеуетіне сәйкес келетін білімдік деңгейге және жеке тұлғаның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін және білім беруді іске асыру мүмкіндігіне, оның ішінде өзіндік білім алу жолымен жету.
2. АКТ құралдары мен өз қабілеттерін іске асыруда әр оқушыда шығармашылық әлеуметтік мәнді қызмет тәжірибесін қалыптастыру.
3. Оқушыларда гуманистикалық қарым-қатынастардағы қатынас пен өзара әрекет тәжірибесін жинақтау.
Функционалдық сауаттылықтің негізгі стратегиялары:
1. Білім беру мен білім алудағы тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
Информатиканы оқытудың негізгі маңызы – оқушылардың шығармашық, зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру және белсенді, әрі толыққанды өмірге, информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болғандықтан, өз тәжірибемде практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлемін.
Осындай жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттырамын. Жаңашыл мұғалімнің кәсіби шығармашылық әрекеттерінің нәтижелілігінің болуы оқушысының табыстылығымен тікелей байланысты. Оқушының функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруда баланы ойлантуымыз маңызды болып табылады. Яғни оқушы мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана білсе ғана ол табысты бола алады. Ол үшін баланың алған білімінің дұрыс бағалануы басты назарда болуы тиіс. Мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай бала қалай бағаланатыны туралы жеке қарап, алдын ала бағалау шкалаларын қарастырып, болжам жасай отыра, оны жоспарына енгізіп, барлық сабақ үрдісін бағалау қажеттігін ескерген жөн. Оқушы өзін-өзі талдау, өзіне-өзі баға беру мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек.Оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудағы, сындарлы ойлантудағы келесі маңыздыларының бірі – кері байланыс деп есептейміз. Оқушының оқу үрдісінде алған білімдерін келешекте қолдану үшін оқушының қандай деңгейде екендігін, яғни өзінің біліміне өзі сындарлы баға беруге көмектесіп қана қоймай, өз проблемасымен жеке қалмай,қолдау арқылы шешімін табуда маңызды. Кері байланыс үдерісінде оқушылардың жауабын мадақтау және жеке мақсатты көрсеткіштерді белгілеуді көздейтін бағалау. Ол оқушыларды өздерінің жұмысына қатысты айтылған пікірлер жайында ойландырып, оларды келешекте жетілдіру мүмкіндіктерін табуға ынталандырады. Сондықтан да астарлы бағалай отыра,сыни ойлай білу және өзіндік жұмыс істей білу қабілеттілігі мұғалімнің жаңа идеяларды тудыруға, сабақ үдерісін одан әрі дамытуда маңызы зор болып табылады.